February 6, 2020

АЛҒАШҚЫ КҮН

Аллаға сансыз шүкір: көптен күткен марафонымыз басталды! Бүгін алғашқы күн!

Жаңадан қосылып, енді бірінші рет қатысайын деп жатқан ханымдар, біз мұндай онкүндік тегін марафонды әр ай сайын өткізіп тұрамыз Алла бұйыртса. Бұл біздің өткізгелі отырған төртінші тегін марафонымыз. Әр марафонда арнайы тақырыптар таңдалып, сол тақырыпқа байланысты тапсырмалар, материалдар, видеолар мен фильмдер беріліп отырады. Өткен марафондар салауат және шүкіршілік, жеке шекара тақырыптарында болды. Бұл жолғы тақырып - ДЕНСАУЛЫҚ!

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Тапсырмаларды орындамас бұрын ниет етуді ұмытпаңыз!
  • Бүгінгі күнді Биссмиллямен, дайындықпен бастаймыз. Эфирді көрдіңіздер ме? Көрмеген ханымдар болса, міндетті түрде көруді талап етеміз. Себебі марафонның кіріспе эфирінде марафон жайлы толық ақпараттарды ала аласыз, арнайы сіздер үшін жасалған эфир😘
  • Мүмкіндігіңіз келсе зәм зәм суын алуға тырысыңыз. Ең кіші құтысындағысын алсаңыз да, оригинал зәм зәм суын алғаныңыз дұрыс. Қалай көбейтетіні жайлы келесі эфирде айтылатын болады, Алла қаласа)
  • Алланың қалауымен тапсырма жұма күніне сәйкес келіп тұр. Жұма мерекесіне дайындалыңыз: ғұсыл алып, киімдеріңізді тазалап қойыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, таңертең жеңіл душ қабылдаңыз: әрі ғұсыл алып, сауап жинайсыз; әрі ағзаңыздың күні бойы энергиямен жүруіне көмектесесіз)

Марафон денсаулық тақырыбында болған соң, көптеген пайдалы әдеттер мен материалдар, кеңестер айтатын боламыз, Алла қаласа. Тапсырмада айтылған кейбір заттар жоқ болса, мүмкіндігіңізше ең жақын уақытта алуға тырысыңыз. Себебі тапсырмалар өз тәжірибемізден өтіп, нәтижесін көрген соң, сіздерге де барынша пайдасы болсын деген ниетпен айтып жатырмыз)