March 6, 2020
ҮШІНШІ КҮН
Қасиетті Жұмаға сәйкес келген бүгінгі күн - баршамызға хайырлы, нәтижелі болсын! Өткен тапсырмалардағы айтылған әрекеттерді өміріңізге қолдануды бастаған шығарсыздар?!
Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең алдымен, бүгінгі эфирді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ толық көріп шығыңыз: кейбір әдеттердің денсаулыққа қаншалықты әсер ететіні жайлы толық ақпараттар айтылды! Конспект жасауды ұмытпаңыз!🌹
- Бүгіннен бастап тамақтану кезінде 30-40 рет шайнауды әдетке айналдырыңыз. Қаншалықты маңызды екенінін эфирден қарап алыңыз🌹
- Бүгіннен бастап тамақтану реттілігін сақтауға тырысыңыз. Яғни, тамақтанып болған соң дереу су немесе шай ішуді тоқтатыңыз. Тамақ пен судың арасы 1.5-3 сағат болу керек. Демек, кемінде 1,5 сағаттан кейін ғана шай мен су ішуге болады🙂
- Тамақтану барысында 1/3 қағидасын ұстануды бастаңыз. Қалай дұрыс сақталатындығы туралы эфирде толық айтылды. Және бұл амал - сүннет болып саналады! Белгілі сенімді хадисте былай делінген:
"Адамның ұлына арқасын түзу ұстап жүруі үшін (бірнеше) кесек тамақ жегені жеткілікті, асқазанын үш бөлікке бөлсін, асқазанының бір бөлігін тамаққа, тағы бір бөлігін суға, үшінші бөлігін ауаға, дем алуға қалдырсын"
- Аралас тамақтануды ақырындап тоқтатуды бастаңыз. Өзіңіздің тамақтануыңызға мән беріңіз: қай нәрсемен нені бірге жейсіз? Не нәрсені араластырып жейсіз? Эфирді толық қарап, тағы да қосымша ақпарат ала аласыз🌹
- Тамақтану жиілігін сақтаңыз. Әр тамақтанудың арасы кемінде 6 сағат болу керек! Бұл жиілік - ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ ЕҢ АЛҒЫ ШАРТЫ!
- Соңғы тапсырма - пост жазу. Бүгін өте құнды ақпараттар мен лайфхактар айтылды. Осы эфирден алған ақпаратыңыз жайлы, әсеріңіз жайлы жазсаңыз болады😊
Пост тақырыбы: ТАМАҚТАНУДЫҢ ӘДЕБІ
Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны3күн
Постқа @korkem_angime @tegin.marafon парақшаларын белгілеуді ұмытпаңыз🌹
March 6, 2020, 05:30
0 views
0 reactions
0 reposts