May 9, 2020

15-16 ТАПСЫРМАЛАР

Қасиетті айдың жартысы артта қалды. Алда тек 14-ақ күн қалды)
Расымен, уақыт осы жолы өте жылдам өтіп жатыр, ия?!
Келісесіз бе?

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Рухани Шерудің сабақтарын көріп жүрсіз бе?
    Әрбір мұсылман білуі керек, ақыретімізге де, осы өмірімізге де пайдасы тиетін, нағыз азық болатын білімдер беріліп жатыр! Бірде бір сабақты жібермей көруге тырысыңыз! Кешегі жұмадағыжарыс секілді алдағы уақытта тағы да сол сабақтар бойынша сұрақтар қоятын боламыз, Алла қаласа)
  • Аллаға шүкір: еліміздегі жағдайлар біршама жақсарып жатыр! Әлхамдулиллаһ! Естеріңізде болса, өткен тапсырмаларда да, Балхия ханымның эфирлерінде де сыйлық туралы айтылған болатын. Мүмкіндгіңізге қарай сыйлық беруді тездетіңіз. Уақыт тым аз қалды! Міндетті түрде бағалы сыйлық болуы қажет емес: бір үзім нан пісіріп, екі дана алма берсеңіз де, бастысы - ниет!
  • Көп аймақтарда карантин жағдайы жеңілдетіліп жатыр: Аллаға шүкір! Рамазан аяқталғанша ауызшар беруге тырысыңыз: көршіңіз бар, жақын маңда тұратын туыстарыңыз бар. Бұл міндетті емес, бірақ сауапты іс!
    «Кімде-кім ораза ұстаған біреуге ауыз аштырса(ораза ұстаған кісінің сауабы кемітілмей), оның сауабын алады» деген.
  • Бар жоғы екі апта ғана уақыт қалды. Құранды оқып жүрсіз бе?
    Салауат айтып жүрсіз бе? Садақа беріп жүрсіз бе?
    Тарауих намазын оқып жүрсіз бе,
    Білесіздер: Рамазанның екінші онкүндігі - кешірім айы. Яғни, истиғфарды көбейтіңіз!
  • Сүннет амалдар

    Жақсылық жасау
    "Жақсылыққа жол көрсеткен сол жасаған адамның сауабындай жақсылық алады". Яғни, кез келген жақсы амал жасау да - сүннет!

    Ақшамда үйге оралу
    Ақшамда үйге кіргенде мына дұғаны оқу керек:
    "Биссмиллаһи дәхәлнә уә бисмилләһи харажнә уә ала рәббинәә тәуәккәлнәә".
    "Алланың атымен кіріп, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік"
  • Омар ибн әл-Хаттаб сериалын көріп бітірдіңіздер ме?
    31-бөлім сериалдың соңы еді. Көріп бітірсеңіз, ютубтан Юсуф (а.с.) туралы сериалды көріп бастасаңыз болады)