April 30, 2020
ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА
Уақыт неткен жылдам, ия?!
Бірінші аптаны да Алланың қалауымен аяқтадық!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең алғашқы тапсырма - бүгінгі эфирді толық, қайталап көріп шығыңыз! Міндетті түрде! Білесіздер: Рамазан - Құран айы! Сабақ та осы Құран тақырыбында болды! Өміріміздің ИЕСІ Алланы тану туралы, өміріміздің компасы ҚҰРАН туралы өте құнды ақпараттар айтылды! Конспект жазып алыңыздар!
- Қасиетті айдың бірінші аптасын да аяқтадық, Аллаға шүкір!
Осы уақыт ішінде не бітірдіңіз? Не үйрендіңіз? Қандай өзгерістер болды? Осы сұрақтарға жауап жазыңыз. Егер әлі де жоспар құрмасаңыз, алдымызда әлі үш апта бар, сол уақыттарды тиімді пайдалануға жоспар құрып алыңыз. - Исламда жаңа күн ақшам намазынан бастап кіреді. Демек, ЖҰМА КІРДІ! Рамазандағы екінші жұмамыз! Жұма күнгі әдептерді айтпасақ та, жаттап алған шығарсыздар)
Бір хадисте былай делінген: «Кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса, онда оған екі жұма арасына нұр болады». Кәһф сүресін оқуға тырысыңыз: арабша оқи алсаңыз арабша; білмесеңіз қазақша оқыңыз. - Тарауих намазын оқып жүрсіздер ме?
Есіңізде болса, бұл намаз - тек осы Рамазанда ғана оқылатын намаз! Демек, сауабы жайлы айтудың өзі артық! Бір күнді де қалдырмай оқырп жүріңіз! - Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту; Истиғфар айту; Құран оқу; Кітап оқу; Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту; Садақа беруді ұмытпаңыз!