May 6, 2020
ОН ҮШІНШІ ТАПСЫРМА
Бейсенбі - Жұмаға дайындалатын дайындық күні. Яғни, мүбәрәк айдағы мүбәрәк күнді ерекше дайындықпен қарсы алу күні.
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Үйіңізді күнде жинайтыныңыз белгілі. Алайда, бүгін ерекше тазалық жұмыстарын жүргізіңіз: аулаңызды жинаңыз, киім қоятын сөрелеріңізді жинаңыз, артық заттар болса, олардан арылыңыз, жуылатын киімдеріңіз болса, жуып тастаңыз. Жұма күні дұғалардың қабыл болатын мерзімі болғандықтан, бір сәт болса да алтын уақытыңызды құлшылыққа жұмсауға тырысыңыз.
- Бүгінгі күнді балаңызға арнаңыз. Оған исламнан бір пайдалы нірсе үйретіңіз: сүре жаттатыңыз, дұға жаттатыңыз, сүннетті түсіндіріңіз, Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы айтыңыз. Өз қалауыңызда)
- Тегін марафонда салынып жатқан эфирлерді қайталап қарап шығуға тырысыңыз! Конспект жасап алыңыз)
- Сүннет амалдар
Асықпау
"Ақыретке қатысты істен басқа барлық істі асықпай ойланып жасау қайырлы болмақ"
Түкіру
"Құбыла жаққа түкірген адам қиямет күні түкірігі екі көзі арасында болып махшарға келеді."
Садақа беру
"Садақаны құпия беру Аллаһтың ашуын басады. Садақа бергеннен мал азаймайды". - Сергіту ойынының шарты әдеттегідей жасырылған хадисті табу керек!