January 10, 2020

БЕСІНШІ КҮН

Көптен күтіп, тапсырмаларын орындап үлгермей жатқанда, марафонымыздың ортасына да келіп жеттік. Аллаға сансыз шүкір! Жұма күнді қалай өткіздіңіздер? Тапсырмалар қиын емес шығар деген үміттеміз)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгін сенбі, көбіңізде демалыс болуы мүмкін. Алғашқы тапсырмада берілген "тазалық" тапсырмасын жасамаған ханымдар, бүгін міндетті түрже жасауға тырысыңыздар. Өзіңіз үшін пайдалы)
  • Өткен тапсырмалардан "шекараның" не екенін толық түсінген шығарсыздар. Келесі кезекте - "сұрақ-жауап" мәселесі. Бүгіннен бастап, әрбір қоятын сұрағыңызға мән беріңіз: "оның жанды жеріне тиіп кетпеймін ба?"; "Қазір бұл сұрақ жайсыз болып қалмай ма екен?" деп. Кейде жаңадан таныстық жүріп жатса, бірден мынадай сұрақтар қоя бастаймыз: "Айлығың қанша?" "Тұрмыс құрғансың ба?" "Қанша балаң бар?" "Неге әлі бала көтере алмай жүрсің?" "Күйеуің үйде жатыр ма?", т.с.с
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Сіз үшін маңызы жоқ нәрсе, басқа адам үшін ең өзекті, жанын өртеген проблемасы болуы мүмкін
  • Тағы бір көзге көрінбейтін, бірақ маңызды нәрселердің бірі - адамдарға ватсаппен хабарласып жатқанда аудио-смс (голосовое сообщение) жіберу. Қазір тіпті инстаграмға аудио-смс жіберетін адамдар бар. Аудио-смс жіберу ол адамның біріншіден - уақытын алады, екіншіден - оған деген құрметсіздіктің белгісі. Ол адам жиналыста отыруы мүмкін, қоғамдық ортада болуы мүмкін, асығып тұрған болуы мүмкін, т.б. Мүмкіндігінше аудио-смсті аз жіберуге немесе мүлдем жібермеуге тырысыңыз)
  • Телеграмда берілген фильмдерді көріңіз. Екі түрлі фильм беріледі: қалауыңыз бойынша қарауға болады)
  • Бүгін: Кімнің ақысына кірген болуым мүмкін? Кімнің шекарасына өтіп кетуім мүмкін? деген барлық адамдардың тізімін жазыңыз, мүмкіндігінше толық кешірім сұрауға тырысыңыз. Және сіздің ақыңызға кірген барлық адамдарды жазып, "Алланың разылығы үшін менің ақыма кірген, шекарамды бұзған барлық адамдарды кешірдім. Аллаһым, менің де кешірілуімді жеңілдет" деп кешіріп жатыңыз, дұға жасаңыз. Осы дұғаны күнделікті ұйықтар алдында айтып жатуға тырысыңыз.
  • Тапсырманы орындамас алдын ниет етуді ұмытпаңыз: бір оқпен екі қоян атасыз. Алланың разылығын алу үшін сауапқа кенелесіз, саналы түрде дамуға, өзгеруге қадам жасайсыз!