December 14, 2019
ТОҒЫЗЫНШЫ КҮН
«Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ,оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Һәм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық»
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Қыстың ызғарлы аяздарын бәріміз сезініп жатқан шығармыз: өңірлерде қар жауып, боран болып жатыр. Бүгінгі күнді жалпы табиғатқа арнаймыз. Яғни, Аллаға шүкір дәл біз тұрып жатқан мемлекетте төрт жыл мезгілі де болады: қыс, көктем, жаз, күз. Әр мезгілге сай жаңбыр жауып, қар борайды. Кейбір елдер бар мүлдем қыс болмайтын немесе мүлдем жаз болмайтын :жазында жаңбыр сұрап, қысында күн сұрайтын. Қазақстанымыздың табиғаты расымен сұлу ғой: тауы да, көлі де, шөлі де, орманы да, суы мен нуы да, егінге жарамды жері де бар. Алланың шеберлігі! Алланың рахымы түскен елміз!
- Әлбетте, шүкіршілік дәптері: бес шүкір жазу
- Садақа құтысына 100тг салу
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтуды да ұмытып кетпеңіз)
Бүгін жексенбі болғандықтан, көп тапсырма беріп жатқан жоқпыз)
АЙТҚАНДАЙ, біздің @korkem_angime парақшасындағы жүргізіліп жатқан конкурстан қалып қоймаңыз: Алла бұйыртса, бүгін жауабын шығарамыз)