March 10, 2020

ЖЕТІНШІ КҮН

Қалай болды кешегі тапсырмалар? Тазалау қиынға түспеген шығар?
Сондай ревизияны жиі жиі жасап тұрыңыз үйіңіздегі продуктылерге)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

  • Кешегі тапсырманы орындап бітпесеңіз, бүгін толық аяқтауға тырысыңыз. Өте маңызды! Сіз үшін)
  • Эфирді толық қарап шығыңыз: бірінші көргенде естімей қалған жерлеріңіз болса, қайта көргенде, жазған конспектіңізді толықтырып аласыз)
  • Өткен тапсырмаларда айтылғандай: ас үйдің ханшайымы СІЗСІЗ! Сол себепті отбасының саулығы көп жағдайда тікелей сізге байланысты. Сондықтан, балаларыңызға қазірден бастап сауатты тамақтануды үйретіңіз.
    Егер студент болсаңыз, жаныңыздағы құрбыларыңызбен алған ақпараттарыңызбен бөлісіңіз, өз туыстарыңызға, жақындарыңызға айтыңыз. Марафон барысында көптеген ҚҰНДЫ мәліметтер айтылды, шындықтар айтылды.
    Жалпы, барша жаныңыз ашитын жандарға осы ақпараттармен бөлісіңіз, өзіңіз де күнделікті режиміңізге кіргізуді бастаңыз!
  • Барлық продуктыны маркировкасы бойынша сұрыптауды үйреніңіз. Қалай жасау керектігі эфирде айтылды!
  • Бүгінгі сүннет амал - бірге тамақтану. Хадисте былай айтылған:
    "Астың Аллаһқа ең ұнағаны - басына көп адамның жиналғаны."

    Мынадай оқиға баяндалады:
    Аллаһ Елшісінен (с.а.с) сахабалар: "Пайғамбарым, біз жейміз. Бірақ қарнымыз тоймайды, не істесек болады? деп сұрады.
    Аллаһ Елшісі: "Жеке-жеке жеп жүрген боларсыңдар шамасы?" дегенде, олар: "ИӘ" деп жауап қайырды. Сонда:
    "Олай болса тамақты жиналып бірге жеңдер. Тамақты Алланың атымен бастаңдар. Осылай жасаңдар: тамаққа береке қосылады" деді.

    Демек, отбасы мүшелері дастархан басына бірге жиналып, келмегенін күтіп, содан соң ғана тамақтанғаны дұрыс)
  • Пост жазуды ұмытпаңыз)

    Тақырып: САУАТТЫ ТАМАҚТАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
    Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны7күн
    Мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз: @korkem_angime және @tegin.marafon