December 9, 2019
ТӨРТІНШІ КҮН
«Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Әлбетте Алла жарылқаушы, (әрі) рақымшыл» («Нахл» сүресінің 18-аят).
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең алдымен, "Көркем әңгіме" парақшасындағы эфирді міндетті түрде көріңіз. Алған әсеріңіз бойынша пост жазыңыз және #шүкіршілікмарафоныбб деген хэштегті ұмытпаңыз. Себебі, пост жазған ханымдарға арналған тосын сыйымыз бар. Ал ең шынайы, әсерлі етіп жазған екі ханымға 20.000 теңгелік "ТҮПКІСАНАДАҒЫ КЕДЕЙЛІК" сабағына ЕКІ ТЕГІН БИЛЕТ сыйлаймыз 😍😍😍
- Бүгінгі күнгі шүкіршілік - өткен жылға, осы күнге дейінгі басыңыздан өткен барлық жақсы-жағымсыз жағдайларға арналады. Барлық нәрсенің біз түсінген, түсінбеген хайыры бар. Сіздің дәл қазіргідей жетістікке жетуіңізге, тәжірибе жинауыңызға бааарлық басыңыздан өткен сәттер себепші болды. Соның үшін де шүкір етуіміз керек!
- Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазыңыз. Ескерткеніміздей: ешқайсысы қайталанбайтын болсын)
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз. Қанша айтсаңыз да өз еркіңіз.
- Садақа құтысына 100тг салуды және алдын ала ниет етуді ұмытпаңыз! Жаңадан қосылып жатқан ханымдар болса, "Садақа құтысы не деген" сұрағыңызға жауапты @tegin.marafon парақшасынан таба аласыз.
- Телеграм каналда берілген фильмдерді толық көруге тырысыңыз. Әрине таңдауыңыз бойынша)
December 9, 2019, 14:21
0 views
0 reactions