December 10, 2019

БЕСІНШІ КҮН

"Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар".

( Бақара сүресі, 172-ші аят)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгінгі күнді туған еліміз, жеріміз, отанымызға шүкір етуге арнаймыз. Көрші елдердің халін қарап -ақ, шүкір етуге мыңдаған себептер табуға болады. Елдің бетке тұтар астанасы болып саналатын кейбір елдердің жағдайы біздің қарапайым аудандармен бірдей, кейбірі одан да төмен. Аллаға шүкір, бейбіт, тәуелсіз мемлекетте, қалаған жұмысыңызбен айналысып, қалаған жеріңізге бара аласыз. Айта берсек, шүкір етер жағдайлар өте көп. Дұғаңызға еліміздің тыныштығын қосып қойсаңыз артық етпес еді)
  • Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазыңыз. Тіпті дәл қазір дем алып жатқаныңыз үшін шүкір айтып жазсаңыз да болады) Барынша күнделікті шүкірлерді қайталамауға тырысыңыз.
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтуды ұмытпаңыз: қаншалықты көп айтасыз соншалықты сауабы мол болады. Ал, күнделікті салауат айтып жүрудің пайдасы туралы интернеттен қарап көрсеңіз болады.
  • Садақа құтысына 100тг салыңыз. Егер күнде балаңызға беретін болсаңыз, алдын ала іштей, жүрекпен ниет етуді ұмытпаңыз. Ниет өте маңызды)