АЛТЫНШЫ КҮН
Бір хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Әлдекім бауырының арына немесе дүниесіне әділетсіз түрде қол созса, қайтарымға беретін алтын, күміс болмайтын күн (қиямет) келмей тұрып, кешірім сұрасын. Кері жағдайда жасаған әділетсіздігі мөлшерінде оның ізгі істерінен алынып, ақы иесіне беріледі. Жақсылығы жоқ болса, жасаған әділетсіздігі мөлшерінде ақы иесінің күнәсінен алынып, ақы жеген адамға беріледі» (Бұһари, Mәзалим, 10).
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүіннен бастап ЕШКІМНІҢ СЫРТЫНАН ЕШҚАНДАЙ ӘҢГІМЕ айтпауды қолға алыңыз: "анау солай етіпті, мынау мынадай екен" т.б, осындай әңгімелерді мүлдем айтпауға тырысыңыз. Біріншіден - бұл нәрсе ТАҒДЫРДЫ ТАЛҚЫЛАУ мәселесіне тікелей қатысты. Екіншіден - ол кісінің ақысына кіріп кетесіз.
- "Мынаны былай жасап бере аласың ба?"; "Әкеле саласың ба?"; "Былай жасап жіберші" деген өтініштер көпшілігімізде кездеседі. Кейде солардың көңілі үшін мүмкіндігіміз болмаса да, жасап береміз. Бұдан былай "Жоқ" деп айтып үйреніңіз. Әрине, қатты емес, жай, ақырындап, түсіндіріп айтыңыз: "Ренжімеңіз, дәл қазір мүмкіндігім болмай тұр еді" деген секілді)
- Бүгін жексенбі. Бүгінгі күніңізді отбасыңызға арнаңыз: ең сүйікті тағамдарын жасап беріңіз, балаларыңызбен бірге ойын ойнаңыздар. Кейде баламыздан көп нәрсені талап етеміз: тәртіпті болуды, шуламауды, мектепке барса, тек бес алуды, т.б. Кейбір айтулы күндері ғана (туған күн, мереке) оның әлі кішкентай бала екені есімізге түседі. Өз өмірімізде де солай болуы ғажап емес: өтініш айтатындар, талап ететіндер табылып қалады)
- Телеграмда берілген фильмді көріңіз)
Әрбіріміз өз өміріміздің сценарийін өзіміз жазамыз: қандай болуы тек сізге байланысты)
Кейде баламыздан көп нәрсені талап етеміз: тәртіпті болуды, шуламауды, мектепке барса, тек бес алуды, т.б. Кейбір айтулы күндері ғана (туған күн, мереке) оның әлі кішкентай бала екені есімізге түседі. Бүгін балаңызды қуантыңыз: сыйлық жасаңыз, ең сүйікті тамағын пісіріп беріңіз, достарымен аулада қалағанынша ойнауға рұқсат беріңіз, қалай қуантсаңыз да өз еркіңіз. Егер студент болсаңыз, айналаңыздағы кез келген адамның қуанышына себепкер болыңыз: қалай жасайсыз, өз еркіңізде)