May 10, 2020
ОН ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА
Әрбір атқан таң, әрбір күн - Алланың бізге берген баға жетпес нығметі, теңдесіз байлығы. Ал, оны сезіну, ұғыну, сондай нығметтер үшін әр сәт сайын Алланы еске алу - өте тамаша игі амал! Рамазанның аяқталуына да екі аптадан аз уақыт қалды!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Айнұр ұстаздың жүргізген эфирін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТОЛЫҚ қарап шығыңыздар! Сіздердің көбіңіздің көкейлеріңізде жүрген біршама маңызды сұраұтарға жауап берді. Тек көріп қана қоймай, бүгіннен бастап сол білімді қолдануға тырысыңыз)
- Бүгіннен бастап өзіңізге, жақындарыңыздан бөлек халқымыз, еліміз, елбасымыз үшін дұға етіңіз. Еліміздің әрдайым бейбіт, ынтымақта болуы үшін дұға жасау - әрбіріміз үшін сауап жинауға зор мүмкіндік! Еліміздегі болып жатқан жағдайлар үшін де дұға жасаңыз)
- Құран оқуды жиілетіңіз. Рамазан аяқталғанға дейін толық оқып бітіретіндей етіп, уақытыңызды жоспарлаңыз. Оқылмай қалып қойған күндеріңіз бар болса, қуып жетуге тырысыңыз. Рамазан айында оқылған Құранның сауабын айтпаса да белгілі шығар?!
- Истиғфарды көбейтіңіз; Салауат айту, Садақа беру, Тарауих оқу - бұлардың бәрі бір күнде қалдырылмай жасалуы керек амалдар!
- Сүннет амаладар
Күлімсіреу
"Алла Елшісінен (с.а.с) артық күлім қағып жүреген адамды көрмедім"
"Күлер кезде қолымен аузын жабатын"
Оңнан бастау
Хазіреті Айша (р.а): "Алла Елшісі (с.а.с) аяқ киім киер кезде, шашын тарағанда, тазалықта және барлық істерінде оң жағынан бастайтын еді".
"Аяқ киім киерде оң жақтан бастап, шешерде сол жақтан бастасын"
Үйге кіргенде
"Кімде кім шайтанға ішетін және дем алатын және жататын жерін тауып беруді қаламаса, үйіне кіргенде "Ассаламуалейкум уә пахматуллаһи уә бәрәкәтуһ" деп сәлем беріп кірсін. Сосын тамақ жерде "Бисмилләһ" деп жесін" деген.