ТОҒЫЗЫНШЫ КҮН

Апта аяқталып жатыр, біздің де марафон бітуге таяп қалды. Қанша уақыт күткен бұл шараның аяқталуына бір ғана күн қалды. Біршама пайдалы дүниелер игере алдыңыз деген үміттеміз)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ:

  • Балхия ханымның "ДЕНСАУЛЫҚ және ТҮПКІСАНА" деген эфирін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қайталып көріп шығыңыз. Өзіңіз мән бермейтін, бірақ денсаулығыңызға өте қатты әсер ететін, не себепті денсаулығыңызда проблема болып жүргендігін сіздерге жік жігімен түсіндіріп берді. Дәптеріңізге конспект жасауды ұмытпаңыз!
  • Бүгіннен бастап буы шығып тұрған ыстық тамақты жеуді доғарыңыз.
    "Алла елшісі (с.а.с) тамақты буы қайтқанша жеуді жақтырмайтын" деген хадис бар. Адам ағзасына да өте зиянды.
  • Сонымен қатар, суды да, тамақты отырып ішуді қолға алыңыз. Кейде көшеде немесе асығып тұрғанда "ештеме етпейді ғой" деп тұра сап, суды сіміріп саламыз.
    Әнәс жеткізеді:
    "Алла елшісі (с.а.с) түрегеп тұрып су ішуге тиым салды" деген кезде, одан: "Ал, тамақ ше?" деп сұрады. Сонда ол: "Оған аса қатты тиым салған" деп жауап қайырды.
  • Мына видеоны қарап шығыңыз:
  • Бүгіннен бастап, таңертең тұра сап дереу терезені ашып таза ауа жұтыңыз, бөлменің ауасын тазартыңыз. Толық организміңіз жылдам оянады, әрі миыңыз таза ауа жұтып, сергек болуға көмектеседі. Және түнде ұйықтар алдында да солай: бөлменің ауасын тазартып алыңыз.
  • Өзіңізді бақылаңыз: барынша ашуланбауға тырысыңыз.
    Есіңізде болсын: ашу-ыза денсаулығыңызға зияннан басқа түкте бермейді. Ал, адамдарға тіпті де. Қатты ашулану бірден жүрекке әсер етеді. Сондықтан, ойланыңыз: біреуге ашулану денсаулығыңыздан да маңызда ма?
  • Соңғы тапсырма - пост жазу.
    Тақырып: "ДЕНСАУЛЫҚ және ТҮПКІСАНА". Хэштег: #денсаулықжәнетүпкісана
    Балхия ханымның эфирде айтқан ақпараттарынан түйгеніңізді жазыңыз.
    Білесіздер, пост жазған ханымдарды құр қол қалдырмаймыз)