March 8, 2020

БЕСІНШІ КҮН

КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ МЕРЕКЕ! СӘЙКЕСІНШЕ, СІЗДІҢ ДЕ ӘР КҮНІҢІЗ МЕРЕКЕ!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Сол мерекеге орай, сіздерге мерекелік тапсырмалар дайындап қойдық ;)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Әрине, ең бірінші тапсырма - эфирді толық көріп шығу. Көрсеңіз де қайталап қарап шығыңыз: бірінші көргеннен де тағы басқа ақпараттарды алуыңыз мүмкін. Және дәптеріңізге түртіп алуды да естен шығармаңыз: өзіңізге пайдалы!
  • Эфирде айтылғандай: тамақтарды әзірлеуді дұрыс ережесі бойынша жасау. Түсінбей қалсаңыз, эфирді тағы бір рет қарап шығыңыз!
    Байқап жатқан шығарсыздар ия: күннен күнгі тамақтанудың жалпы өмірімізге қандай әсерін тигізіп жатқанын)
    Сондықтан, осы салада ізденіс жасап, тәжірибе жинаған мамандардың сіздер үшін жаны ашып айтып жатқан әрбір кеңесін толық орындауға, күнделікті әдетіңізге қосуға тырысыңыз!
  • Мүмкіндігіңізше тамақ әзірлейтін құралдарыңызды жаңартыңыз. Мерекенің қарсаңында дәл осы тапсырманы орындауға керемет мүмкіндік🤗
    Бәрібір көпшілігіңіз сыйлық алғанда осы үй шаруасына қолданатын заттар аласыздар ғой ;)
  • Бұдан былай кез келген затты алатын кезде құрамына мән беріңіз! Қатаң түрде!
    Өзіңіз және отбасының сауаттылғы үшін өте маңызды! Ас үйдің ханшайымы сіз болғандықтан, сіз не берсеңіз, қалғандары соны жейді! Өзіңізбен қоса олардың да денсаулығының жақсаруына себепкер болыңыз!
    Бізден күшті лайфхак: тамақ дайындайтын алдын, түскі ас беретіннің алдында ниет етіп жіберіңіз. Сауап та жинайсыз, басқалардың да рахметін аласыз, өзіңізге де көңіліңіз толады!
  • Ал бүгінгі сүннет амал - жерде тамақтану. Яғни, кәдімгідей, бала күніңіздегідей жер столға отырып тамақтану. Осылай жасағанда тамақтанған кезде бір аяғыңызды бүгіп отырасыз да, екі есе сауап жинайсыз. Себебі, аяқты осылай отырып жеу де сүннет. Ал солай отырғанда, тамақтану бойынша үштен бір ережені де сақтай аласыз. Сонымен сауапқа батайын деп тұрсыз ғой🤗🤩😘😅
  • Ертең дүйсенбі. Көпшілігіңізге мәлім: әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау сүннет) Сондықтан, мүмкіндігіңіз келсе, ораза ұстауға тырысыңыз)
    Тек басында ниет етуді ұмытпаңыз! Өте маңызды!
  • Мерекелік көңіл күймен керемет бір пост жазып тастаңызшы😘
    Жалпы, марафон барысында керексіз ақпарат айтылмайды ғой. Сондықтан өзіңіздің түйгеніңіз туралы пост жазып, тағы да сауапқа кенелуге болады!
    Бүгін сіздер сауапқа шомылсыншы дегеніміз ғой🤗🤩😘😅

    Пост тақырыбы: Дұрыс тамақ дайындау
    Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны5күн
    Постқа мына парақшаларды белгілеңіз: @korkem_angime және @tegin.marafon