April 26, 2020
ҮШІНШІ КҮН
Басталғаны кеше ғана секілді еді, уже үшінші күндң аяқтап жатырмыз. "Ертең бастаймын, әлі уақыт бар ғой" деп жүргенде рамазанның соңы қалай келіп қалғанын байқамаймыз. Сондықтар, әр тапсырманы өз уақытында орындап жүріңіздер)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Тәхажжуд намазы туралы білетін шығарсыз? Әр амалымыз 700 еселенетін бұл мүбарак айда, барынша қоржынымызды толтырып қалуға тырысайық. Осы отыз күнді өткізіп алсаңыз, келесі отыздықы он бір ай күтетін боласыз! Тәхажжуд намазы туралы қосымша ақпаратты Көркем Әңгіме парақшасындағы посттан біле аласыздар. Рамазанның күні де, түні де мүбарак! Ойыңыздың түбінде жүрген уайымдарыңызды сейілтіп, оңай, жеңіл, тез шешіліуін, күналарыңыздың кешірілуін сұрап, Алладан дұға сұраңыз!
- Садақа құтысын арнаған шығарсыз уже? Рамазанның бір де бір күнін қалдырмай садақа беріңіз. «Садақаның абзалы – Рамазандағы садақа», – делінген. Есімнен шығып кетеді деп қорықсаңыз, күнделікті өзіңізге қолайлы уақытққа будильник қойып қойыңыз. Және садақаны ақшам намазына дейін беріп үлгеріңіз. Себебі, исламда жаңа күн ақшам намазынан бастап есептеледі.
- Күнделікті жасалу керек әдеттерді есіңізден шығармаңыз:
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
- Истиғфар айту
- Құран оқу
- Кітап оқу
- Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту - Бүгінгі жасалатын сүннет амал - жерде отырып тамақтану. Бұл әрекеттің сауабынан басқа, денсаулығымызға да пайдасы көп. Жерде отырғанда бір тіземізді бүгір отырамыз, бұл да сүннет амал. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с) тамақтану әдебін сақтай аламыз: асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін ауаға, үштен бірін суға толтыру. Дәл осы тамақтанудың ағзамызға қаншалықты пайлалы екендігін айтпаса да білесіздер. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, рамазан бойы осылай жасасаңыздар болады. Болмаса, ең кемінде аптасына бір рет осы сүннетті ұстанып отырыңыздар)
- Кешегі хадисті таптыңыздар ма?
Бүгін де сіздерге қызық ойын дайындап қойдық)
Төмендегі сөздерде әріптердің орны ауысып кеткен. Соны ретімен қойсаңыз, бір хадис шығады. Соны тауып, өз сторизіңізге салыңыз және @korkem_angime парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз!
Бірінші болып тауып, бізді белгілеген ханымға сыйлығымыз бар)
едКмі-мкі зоаар ғұақаттн зуаы сыршата, әнранылкүа кшеімір, қоазт нытона ұултқы даболы. кіОнйедін псауа ладаы. қіБар, аорза уыңытшұтны суынбанаа нсерәше дйыйазмаа.
April 26, 2020, 16:30
0 views
0 reactions
0 reposts