February 11, 2020
АЛТЫНШЫ КҮН
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Кеше ғана марафонымыздың алғашқы тапсырмасын орындап бастап едік. Бүгін, уже алтыншысына келіп қалдық)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең біріншісі - эфирді көру. Иә, біз айта береміз және бәрі сіздердің қамдарыңыз үшін. Тапсырмада түйіні берілсе де, тақырыптың барша маңызы эфирде айтылады. КЕШЕ ЕҢ ҚҰНДЫ ЭФИР БОЛДЫ! Конспект жазуды да ұмытпаңыздар)
- Төменде берілген видеоны міндетті түрде көріңіз. Керек жерін блокнотыңызға түртіп алыңыз. Телегарамға да сілтемесі беріледі:
- Ағзаңыздың дәл қай бөлігі сізді жиі мазалайды? Анықтаңыз. Өзіңізді бақылаңыз: қай эмоцияны көп өзіңізде сақтайсыз, қайсысын жиі өзіңізде ұстап қаласыз? Осы эмоция сіздің ауыратын жеріңізге байланысы болуы мүмкін бе
Ойланыңыз, бақылңыз, анықтаңыз! Саморефлексия жасап көріңіз. Оның не екені эфирде толық айтылды. - Бүгінгі сүннет амал - оң жақпен жату. Яғни, бүгіннен бастап, ұйықтайтын кезде оң жақ иығыңыз астында, сол жағыңыз үстінде болғанын қадағалаңыз және оң алақаныңызды бетіңізге қойып, аяғыңызды кішкене бүгіп жатыңыз. Жатар алдында, ниет етуді ұмытпаңыздар.
Бұлай жату, ұйықтау - сауапты істен бөлек, денсаулығыңызға да пайдалы, әрі күндізгі жұмыс өнімділігін артады. Себебі, осылай жатқанда жүрек жоғарыда болады да, бүкіл ағзаның қан айналымы толық жақсы жүріп, ағзалар өзінің түнгі функцияларын дұрыс орындай алады. Бұл ғылыми дәлелденген амал! - Сондай ақ, бүгіннен бастап, тамақтанғанда "үштен бір" ережесін қолдануды бастаңыз. Алла елшісі (с.а.с) :
"Адам ағзасындағы ең жаман ыдыс - оның асқазаны. Оған жүрек жалғау үшін аздаған ас жеткілікті. Егер асқазанын толтыру қажет болса, бір бөлігін тамақпен, бір бөлігін сумен, қалған бір бөлігін ауамен толтырсын" деген.
Адам денесіндегі көп мәселе осы тамақтануға тікелей байланысты! Оны өздеріңіз де білесіздер. Ендеше, бәрін ретке келтіретін уақыт келді. - Соңғы тапсырманы жаттап алған шығарсыздар уже🤗. Пост жазу. Байқасаңыздар, бірінші тапсырмадан бастап пост жазуды тапсырма ретінде беріп жатырмыз. Себеп: дәл осы құнды, әрі өте пайдалы ақпараттарды, мәліметтерді барынша көп адам білсе екен деген ниет)
Дәл осы марафондағы ақпараттарды әрбір адам білсе, көп аурухананың есігі тозбас еді.
Ал, сіз өз постыңыз арқылы ең болмағанда бір адамға болсын себепкер боласыз! Тек, ниет етуді ұмытпаңыз)
Пост тақырыбы - АУРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ. Жалпы, эфирден алған әсеріңіз жайлы, алған жаңа ақпараттарыңыз жайлы жазыңыз. Біз әрине сыйлықсыз қалдырмаймыз🥰
Ал, бүгінгі пост хэштегі - #денсаулықмарафоны6күн
February 11, 2020, 16:56
0 views
0 reactions
0 reposts