СЕГІЗІНШІ КҮН

Аллаға сансыз шүкір: ЖҰМА КЕЛДІ! Баршаңызға жұма құтты, берекелі болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар! Ауырып жатқан ханымдар болса, Алла тез, оңай жазылуын нәсіп етсін!

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

  • Алғашқы тапсырма - ғұсыл құйыну немесе ғұсыл алу. Ислам бойынша жұма өткен күннің кешінен бастап кіретіндіктен, бейсенбі күннің түнінде ғұсыл алып жатсаңыз болады. Таңертеңнен бастап жұмысқа баратын ханымдар болса, күннің суығында суық тигізіп алуы мүмкін. Қай уақытта алсаңыз да өз еркіңіз. Бастысы: ниет етуді ұмытпаңыз)
  • Кешегі "Дұрыс Тамақтану" тақырыбында болған эфирді қайталап қарап шығыңыз. Адам денесіндегі проблемалардың 85-90% дерлік себебі тамақтан. Келісетін шығарсыздар ия? Өте маңызды кеңестер мен пайдалы ақпарттар айтылды. Конспект жасауды да естен шығармаңыз!
  • Бүгіннен бастап міндетті түрде ТАҢҒЫ АС ішуді қолға алыңыз. Кейбір жұмыс жасайтын ханымдар "жолай бірдеме жей салармын, балдарым жеп алсын" деп таңғы асқа мән бермейді. Таңертеңгі тамақтану - 30%-ке жұмыс жасау өнімділігін арттыратындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мүмкіндігіңізше каша жеуге тырысыңыp. Ол тек балаларға ғана арналмаған, үлкендерге де пайдалы!
  • Бүгінгі сүннет амал - оянған соң үш рет қол жуу.
    Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде:"Ұйқыдан тұрған кезде үш рет қолын жумайынша қолдарын ыдысқа салмасын. Өйткені ол түнде қолын қайда салғанын білмейді" деген. Білесіздер, Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған әрбір әрекетте сауаппен қатар, денсаулыққа да пайдалы мағына жатады. Дәл осы амалды барша жақын туыстарыңызға айтуды ұмытпаңыз)
  • "Кімде-кім қолынан еттің иісі шығып (ет жеген соң қолын жумай) ұйықтап, одан кейін бір науқасқа душар болса, өзінен басқа ешкімді кінәлаушы болмасын" деген хадис бар. Яғни, тамақтанар алдын және тамақтанғаннан соң МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қол жууды күнделікті әдетіңізге қосыңыз.
  • Бүгінгі күннің соңғы тапсырмасы - пост жазу.
    Тақырып: БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА. Хэштег: #жұмажәнеденсаулық
    Біз жоғарыда айтып өткен сүннет амалдар жайлы, кешегі эфирден алған жаңа мәліметтер жайлы жазсаңыз болады. Және, барша туыстарыңызды, құрбыларыңызды ЖҰМАМЕН ҚҰТТЫҚТАУДЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

ЖҰМА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!