February 12, 2020
ЖЕТІНШІ КҮН
Қалдарыңыз қалай, арулар? Тапсырманы орындап жүрсіздер ме? Марафонның аяқталуына небәрі ҮШ ақ күн уақыт қалды)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгінгі эфирді міндетті түрде көріңіздер: көөөп сұрақтарыңызға жауап табасыз. Әрине, дәптеріңізге керек жерін түртуді ұмытпаңыз) Марафонды пайдаланып, жасай алмай жүрген әрекеттеріңізді жасап аласыз ғой. Сондықтан, айтылған тапсырмаларды қалдырмай орындауға тырысыңыз!
- Ертең бейсенбі. Айтпасақ та, біліп отырған шығарсыздар: бүгін қандай сүннетті айтайын деп жатқанымызды. Иә, ораза ұстау. Бұл амалдың пайдасын осы уақытқа дейін айта бергеннен, жаттап алған шығарсыздар уже) Ниет етуді ұмытпасаңыздар болды!
- Сонымен қатар, тағы бір денсаулыққа пайдалы сүннет амалдың бірі - мисуак қолдану. Кейбір өңірде сиуак деп те аталады. Алла елшісі (ﷺ): «Егер үмбетіме қиындық тудырмас болғанда оларға әр құлшылық алдында мисуак пайдалануды бұйырар едім»-деген. Мисуактың пайдалы қасиеті көп. Ауыз қуысындағы бактерияларды жояды және тістің қызыл иектерін күшейтеді. Ең бастысы тісті ағартады
Міне, мына зат мисуак деген:
- Бүгіннен бастап бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз. Ұйқыңызды реттеңіз. Себебі ұйқы - денсаулыққа әсер ететін ең мықты күш. Ұйқыңыздың қануы немесе қанбауы денсаулығыңызда болып жатқан кез келген проблемаға тікелей байланысты.
- Пост жазуды ұмытқан жоқ шығарсыздар ия?! Кешегі сыйлықтарды көрдіңіз ғой, Алла бұйыртса жеңімпаз болсаңыз, сізді де сыйлық күтіп тұр)
Пост тақырыбы - CАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ҚҰПИЯЛАРЫ. Хэштег: #денсаулықмарафоны7күн. Кешегі сұрақ-жауап эфирінен алған жаңа ақпараттарыңыз туралы, айтылған техникалар туралы жазсаңыз болады. Біздің парақшаны белгілеуді ұмытпаңыз)
February 12, 2020, 16:05
0 views
0 reactions
0 reposts