March 13, 2020

СОҢҒЫ КҮН

Бүгінгі мүбарак ЖҰМА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Марафон барысында алған білімдеріңіз сауатты, сапалы өмір сүруге себепші болсын, хайырлы болсын! Денсаулықтарыңыз әрқашан мықты, қайратты болсын!
Марафон барысында орындаған әрбір әрекеттеріңізге Алла сауаптан жазсын!
Сіздерге хайырлы. берекелі болған дұғаларыңыз, армандарыңыз орындалсын!

Басталғаны кеше ғана сияқты еді, бүгін уже соңғы күннің тапсырмасын орындағалы жатырмыз. Онкүндіктің дерлік барлығында арнайы тақырыптар талқыланды, түсіндірлді. Көптеген пайдалы техникалар мен лайфхактар айтылды. Барынша сіздерге көмегі тисе екен деген бар білген ақпараттармен бөлістік)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгіннен бастап бір мезгілде тамақтануға дағдыланыңыз. Яғни, түскі асты 13:00 ішетін болсаңыз, күнделікті дәл осы уақытта тамақтаныңыз. Бұл көптеген проблемалардың алдын алады: асқазан, бауыр, бүйрек, запор деген сияқты)
  • Эфирді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ бірнеше қайтара көріп шығыңыз. Қорытынды эфир марафонның ең маңызды эфирлерінің бірі!
  • Осы марафон басталғалы бері көріп жатқан эфирлеріңізден, орындап жатқан тапсырмаларыңыздан алған біліміңізді, ақпаратыңызды түйіндеп, дәптеріңізге жазыңыз. НЕ ҮЙРЕНДІМ? ҚАНДАЙ ӘДЕТТІ ИГЕРДІМ? ҚАНДАЙ ӘСЕР АЛДЫМ? ҚАНДАЙ НӘТИЖЕЛЕР БОЛДЫ? ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ? осы сұрақтарға жауап жазыңыз.
  • Соңғы тапсырма - пост жазу.

    Тақырып: ҚОРЫТЫНДЫ.
    Жалпы, марафонның сізге берген әсері қалай болды? осы жайлы жазсаңыз болады.

    Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафонықорытынды
    Постқа мына парақшаларды белгілеңіз: @korkem_angime және @tegin.marafon

    СОҢҒЫ ТАПСЫРМАНЫҢ ПОСТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҒЫМЫЗ БАР!

Сіздермен, әрине, қоштаспаймыз: алдағы уақытта сіздерге пайдалы болатын осындай марафондарды жиі өткізуге тырысамыз)


Алла отбасыларыңызға береке, татулық, адал, мол ризық-несібе нәсіп етсін. Ауырып жатқандар болса, шипа берсін. Қандай да бір проблемасы бар жандардың істерін оңай әрі тез ретке келуін нәсіп етсін. Жандарыңызға жақын туыстарыңыздың, құрбыларыңыздың, таныстарыңыздың аман болуын нәсіп етсін. Жоспарлап жүрген істеріңіздің оңай, тез, жеңіл орындалуын нәсіп етсін! Алған білімдеріңізді өмірде қолдануды, сауатты өмір сүруді нәсіп етсін! ОСЫ КӨКТЕМДІ, ОСЫ ЖЫЛДЫ БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛ ЕТСІН!

Ізгі ниетпен,КӨРКЕМ ӘҢГІМЕ ҰЖЫМЫ!