May 11, 2020

ОН СЕГІЗІНШІ КҮН

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

Уақыт деген расымен зуылдап өтіп бара жатыр: рамазанның аяқталуына 12 күн ғана қалды!

Бүгін сіздерге қызық тапсырма бергелі жатырмыз:
БҮГІН СҮННЕТ ОРЫНДАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Яғни, бір күнде қанша сүннетті орындай аласыз?

Өткен тапсырмаларда, Көркем әңгіме парақшасының посттарында көптеген сүннет амалдардың тізімін беріп жатырмыз. Соларды қарап шықсаңыз болады!

Араларыңыздан ЕКІ ХАНЫМҒА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ!

ЖАРЫС КЕШКІ САҒАТ 21:00ге ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ! Орындаған сүннет амалдарыңыздың бәрін тізімін жазып өз сторизіңізге саласыз, бізді @korkem_angime парақшасын белгілейсіз! Болды! Осы ғана! Алла бұйыртса, сауаппен қоса СЫЙЛЫҚ та алуыңыз әбден мүмкін) СӘТТІЛІК!