April 27, 2020

ТӨРТІНШІ КҮН

Жаңа апта қалай өтті?
Бүгін шын жүрегіңізбен не нәрсе шүкір айта аласыз?
Өткен тапсырмаларды орындап жүрсіз бе толық?

Бүгін көп тапсырма болмайды, бірақ беоілген тапсырмалардың өзін толық орындауға тырысыңыз.

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ былай дейді: «Сендерге Алла тағала дәрежені көтеретін амалды айтайын ба? Сонда сахабалар:-Әрине,- дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Саған жауластық қылғанға сабыр етуің, зұлымдық қылғанды кешіруің, бермегенге беруің, сенімен қарым-қатынасты үзген адаммен байланыс орнатуың.»-деген
  • Жалпы, бүгінгі күнді мейрімге, кешірімге арнап отырмыз)
    Қазір көбіңіз отбасыңызбен біргесіздер. Демек, бір біріңізге деген махаббатты көрсете алуға керемет мүмкіндік болып жатыр, Аллаға шүкір! Әрбір істің хайыры бар) Бүгін отбасыңыздағы барлық адамға жақсы көретініңізді айтыңыз. Жолдасыңыз, ата-анаңыз, балаңыз, бауырлаңыз, бәріне бәріне айтыңыз! Егер жүзбе жүз айтуға ұялсаңыз, ватсап арқылы айтыңыз.
    Кейде бір ауыз сөздің өзі қаншама жақсы істердің бастамасы бола алады!
  • Бүгінгі сүннет амал - оянғаннан кейін үш рет қол жуу. "Ұйқыдан тұрған кезде үш рет қолын жумайынша қолдарын ыдысқа салмасын. Өйткені ол түнде қолын қайда салғанын білмейді" деген хадис бар. Және: тамақтанып болған соң қол жуу. "Тамақтың берекеті - астан бұрын және одан кейін қол жууда".
  • Ең бастысы - күнделікті орындалатын тапсырмаларды естен шығармаңыз:
    - Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
    - Истиғфар айту
    - Құран оқу
    - Кітап оқу
    - Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту

МЫСАЛ:

Мұнда Әнғам сүрсесінің 82-аятындағы 5-сөз: ИМАНЫНА Дәл осылай, қалай жазулы тұр, солай жазып алыңыздар)

Сәттілік!