April 24, 2020

БІРІНШІ КҮН

Аллаға сансыз мадақтар мен мақтаулар болсын:
ОСЫ РАМАЗАНҒА, ОСЫНДАЙ БАҚЫТТЫ КҮНГЕ жеткізген! Өзінің рахымдылығы мен мейірімі арқылы күнәларымыздан арылуға мүмкіндік бергені үшін сансыз, соңсыз мадақтар мен шүкірлер болсын!
РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ТАПСЫРМАМЫЗДЫ БАСТАЙЫҚ, БИССМИЛЛӘ деп:

  • Бүгіннен бастап мына дұғаны жазып алыңыз да, 30 күн бойы тоқтамай айтыңыз:
    "Я, Аллаһым, осы рамазан айында Сен жақсы көретін нәрселерге жақын болуымды, Сен жақсы көретін нәрселерге махаббатымның ашылуын, Сен разы болатын іс-әрекеттерді көбірек жасауымды нәсіп етші; және рамазанды Сен разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп етші. Осы рамазанда менің тілеген барша дұға-тілектерімді қабыл ет. Я, Аллаһым! Сенің разылығың үшін ұстаған, ұстап жатқан, жасап жатқан амалдарымды, тұтқан оразамды қабыл ет!"
  • Осы марафоннан алдын болған РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ марафонында сіздерге тапсырма ретінде жоспар құру туралы айтқан болатынбыз. Егер жоспарыңызды жасап қойсаңыз, жарайсыз, Сіз молодецсіз: сол жоспар бойынша әрекет етіңіз. Әлі жасамаған болсаңыз, ештеңе етпейді, әлі кеш емес: Рамазанға жоспар құрыңыз.
    Осы 30 күн рамазанда мына кітапты оқып бітіремін, мына сүрені жаттап бітемін, т.с.с. Басында жақсылап бір жасап алсаңыз, кейін соған сай әрекет ету оңай болады, әрі саналы түрде өткізесіз)
  • Телеграмда беріліп жатқан ОМАР ИБН ӘЛ-ХАТТАБ сериалын көріп жүрсіз бе?
    Егер әлі бастамаған болсаңыз, соны бастаңыз! Сериалды көру арқылы дәл қазіргі еркін, бақытты күйіңізге Аллаға жылап тұрып шүкір айтатын боласыз) Көріп бастаңызшы, Алла қаласа өтірік айтпағанымызға көз жеткізесіз)
    Егер оны көріп аяқтап қойсаңыз, Пайғамбар Юсуф (а.с.) туралы сериал бар. Соны көріп бастасаңыз болады. Бұл сериалда Құранда айтылған оқиғаларды кәдімгідей сезініп, ерекше сезімде боласыз.
  • Біз берген рамазан күнделігінде КІТАП ОҚУ деген пункт бар, көрдіңіздер ме?
    Егер өзіңіздің бастап қойған кітабыңыз бар болса, соны күнделікті белгілеп қойсаңыздар болады. Егер әлі бастамаған болсаңыз, біздің телеграмға салған кітаптардың арасынан қалағаныңызды оқып бастаңыз.
  • Мүмкіндігіңізше осы айда Құранмен қарым-қатынасызыңызды күшейтіңіз. Қазақша мағынасын оқысаңыз да болады. Ең болмағанда, аудиосын тыңдаңыз. Білесіздер, Рамазан - Құран айы, Құран түскен ай! Сондықтан, күніне бір-екі бет болса да, күнделікті оқып/тыңдап жүруге тырысыңыз)
  • Рамазан - руханиятымыздың рахаттанып тоятын айы. Сондай амалдардың бірі - сүннет орындау. Алла қаласа алдағы отыз күн бойы сіздермен бірге әр түрлі, екі әлемімізге де хайырлы болатын сүннет амалдарын орындаймыз.
    Ең алғашқы сүннет - Рамазанмен құттықтау! Алла Елшісі (с.а.с) сахабаларын Рамазанның келуімен құттықтайтын болған. Сондықтан, сіздер де барша таныс-туыстарыңызды мүбарак аймен құттықтап қойыңыз! Екі ауыз сөз айтсаңыз да, өз жүрегіңізден шыққаны әлдеқайда құндырақ)
  • Алланың көркем есімдерін жаттауды қолға алыңыз. Естеріңізде болса, біз өткен айларда Көркем Әңгіме парақшасында күнделікті екі есімнен видео форматта салып отырған болатынбыз. Егер қаласаңыздар соны қайта салуды бастайық)
    Егер толық жаттап қойған болсаңыз, күнделікті бір-екі есімнен 100 реттен зікір айтсаңыз болады)
  • Және соңғы тапсырма - өте қызык, әрі пайдалы😍
    Алла қаласа күнделікті сергіту ойындарын беріп отырамыз: отбасыңызбен, балаларыңызбен бірге орындасаңыздар болады! Жалпы, біздің марафонда беріліп жатқан барлық тапсырманы бүкіл отбасыңызбен орындасаңыздар болады: сіздерге де жеңіл әрі балаларыңыздың да рухани білімі толығады)

    Ендеше, бүгінгі ойын: төмендегі кестеден мына сөздерді табыңыз.
    СӘРЕСІ | БЕРЕКЕ | ІШУ

Осы сөздерді пайданланып, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисін жазыңыз.


Алла әрбіріңіздің дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!