February 9, 2020
ТӨРТІНШІ КҮН
Жаңа апта - жаңа мүмкіндіктер, жаңа жеңістер, жаңа өзгеріс! Аллаға сансыз шүкір! Жаңа күнді жаңа энергиямен бастауға дайынсыздар ма? Тапсырмаларды орындап жүрсіздер ме? Қиын болып жатқан жоқ шығар, иә?
Ендеше, БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ:
- Біз сіздерге "эфирді көріңіз" деп айтудан талмаймыз☺ Себебі белгілі: марафонның ең құнды ақпараттарының бәрі сол эфирде айтылады. Ал, кешегі эфирді айтпасақ та белгілі. Марафонның ең #долгожданный эфирі десек те болады. Конспект жасауды да ұмытпаңыз) САҚТАЛҒАН ЭФИР @tegin.marafon парақшасында тұр🌹
- Байқап жатқан шығарсыздар: әр тапсырмада жаңа бір әдет, жаңа бәр әрекет беріп жатырмыз. Бүгінгі жасайтын әрекет - жаттығу. Таңғы жаттығудың (Балхия ханым эфирде айтқан растяжка) пайдасын біз айтпасақ та, өзіңіз беске білесіз) Бүгіннен бастап ең болмағанда 10-15 минутыңызды таңғы жаттығуға арнаңыз! Міндетті түрде! Қандай жаттығу жасайм деп бас қатырсаңыз, оған да жауап бар. Сіздерге базалық жасалуы оңай, эффектісі зор жаттығулар тізімін дайындап қойдық) Әр жаттығуды 10 реттен жасайсыз:
- Бүгін дүйсенбі. Дүйсенбі күні не істеу керек сүннет бойынша? Дұрыс айтасыз: ораза ұстау керек! Мүмкіндігіңіз келсе, ораза ұстаңыз және ниет етуді ұмытпаңыз)
- Соңғы тапсырма - пост жазу. Иә, өз парақшаңызға эфирден алған әсеріңіз жайлы, түйгеніңіз жайлы, алған жаңа ақпараттарыңыз жайлы. Ал, біз сізге кезекті сыйлығымызды дайындап қойдық 🥰 Яғни, 3-күнгі "ДЕНСАУЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАЙФХАКТАР" деген тақырыптағы пост. Жазбаған ханымдар: сіздерге тамаша мүмкіндік: тағы бір күн уақытыңыз бар жазуға. Ал, жазған ханымдар: посттарыңызды сториздеріңізге салып, бізді белгілеп қойсаңыздар болады) Посттың хэштегі- #денсаулықмарафоны3күн, және әрине @korkem_angime парақшасын белгілеу керек)
- Телеграмда берілген киноны көріңіздер😇😊
Бүгін жаңадан қосылып жатқан ханымдар бар болса, қысқаша түсіндіре кетейік. Онкүндік марафон аясында әр күн арнайы тақырыпта пост жазу керек (ешкімді міндеттемейміз, қалауыңыз бойынша). Жазылған посттардың арасында ең керемет жазылған БЕС ПОСТ ИЕСІНЕ әр күні әртүрлі сыйлықтар беріп отырамыз!
February 9, 2020, 16:00
0 views
0 reactions
0 reposts