May 4, 2020

ОН БІРІНШІ ТАПСЫРМА

Әне-міне дегенше Рамазанның алғашқы онкүндігін аяқтадық!
Аллаға сансыз, соңсыз шүкірлер болсын!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгін сіздерге арнайы тапсырмамыз, өтінішіміз бар.
    Балхия ханымның бүгінгі эфирін көрген боларсыздар. Көрмесеңіздер, тез арада қарап шығуды ұсынамыз!
    Себебі, Оңтүстік өңірде болып жатқан табиғи апатқа байланысты эфир болды!Бәріміз - бір елдің тұрғынымыз, бір бірімізге бауырмыз!
    Сондықтан, осы жағдайға бей-жай қарамауымыз керек!
  • Эфирде айтылған истиғфар дұғасын 1000рет оқыңыз.

    "Әстағфируллаһ уә әтубу иләйһ"
  • Берілген дұғаны күнделікті дұғаңызға қосып немесе арнайы отырып дұға етіңіз:

    Уа, Жаратушы Ием! Я, Рахман! Я, Рахим!Бізді бәле-жаланың, қазаның әрі аурудың әртүрінен аман сақтай гөр! Тәубемізді қабыл ет! Біздерді Өзіңнің рахымыңа, кеңшілігіңе бөлеші! Елімізде болып жатқан түрлі сынақтарды жеңілдетші!
  • Салауат пен садақаны естен шығармаңыз!

Алла бұйырса, ертеңгі күннен бастап, тапсырмаларды қайта саламыз!
Бүгінгі ең маңызды әрі ең қажет орындалуы керек тапсырма осы!

Алла баршамыздың дұғамызды, жақсы ниетімізді, амалдарымызды қабыл етсін!