April 4, 2020

ЕКІНШІ КҮН

Аллаға шүкір: марафонымыздың басталғанына екінші күн!
Әр күндеріңіз жақсы жаңалықтарға толы болсын!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

  • Бүгінгі эфирді қайта қарап шығыңыз, толығымен! Қасиетті Құран жайында көбіміз біле бермейтін өте құнды, қызықты ақпараттар айтылды. Осы өмірдегі ең негізгі білу керек нәрсеміз - осы Құран болу керек)
  • Эфирде айтылғандардан басқа өзіңіз де Құранның кереметі туралы ақпараттарды іздестіріңіз: интернеттен, ютубтан, арнайы парақшалардан, т.б. Оның құдыретін, пайдасын білгенде ғана ынтаңыз ашылады)
  • Бүгіннен бастап мүмкіндігіңізше күнделікті кешкі уақытта Құран тыңдап жатуға тырысыңыз.
  • Көпшілігіміз сенбі, жексенбі күндері үйімізді тазалаймыз. Сол уақытта Бақара сүресін қосып қойсаңыздар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады», ­– дейді. Тағы бір хадисте: «Үйлеріңді мазарға айналдырмаңдар (намаз, Құран оқып, Алланы еске алып отырыңдар)! Шынында, Бақара сүресі оқылған үйге шайтан жоламайды», – делінген
  • Күнделікті қайталанатын садақа, салауат, Пайғамбар (с.а.с) өмірбаяны жайлы кітапты оқуды жалғастыруды ұмытпаңыздар) Және ең бастысы: НИЕТ ЕТУДІ ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
  • Эфирден алған әсеріңіз бойынша пост жазыңыз: не түйдіңіз? қандай жаңа ақпараттарды естідіңіз? осы секілді сұрақтарға жауап ретінде жазсаңыз болады.

    Пост тақырыбы: РАМАЗАН және ҚҰРАН
    Пост хэштегі: #рамазанғадайындық2күн #көркемәңгіме_тегінмарафон
    Постқа мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз: @korkem_angime және @tegin.marafon

Ең әсерлі етіп жазған ҮШ ПОСТ иесіне сыйлығымыз бар!
СЫЙЛЫҚ - ЗӘМЗӘМ СУЫ!
Марафон уақытында он күн бойы пост жазған ханымдар арасында күнделікті сыйлық иелерін анықтап отырамыз! Келесі сыйлық - СЮРПРИЗ болсын!🥰