April 28, 2020
БЕСІНШІ ТАПСЫРМА
Күн өте оразаның пайдалы тұстары өміріңіздің ең көркем бөлігіне айналып жатқан болар. Алғаш рет ауыз бекітіп жатқандар үшін ең керемет, қайталанбас cәттер ғой бұл)
Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Кешегі кешірім тапсырмасын орындадыңыздар ма? Қалай болды?
Осы тапсырма соның жалғасы деп айтсақ та болады.
Бүгін ата-анаңызға, ата-енеңізге арнайы хабарласыңыз, рамазанмен құттықтаңыз. Оларға рамазанға байланысты сыйлық жасаңыз. Қазір беруге мүмкіндік болмаса, карантиннен кейінгі уақытқа дайындап қойыңыз. Сіздің бір ауыз жылы сөзіңізден олар қаншалықты қуаныш алады. Ата-ананың разылығы - Алланың разылығы! - Араласатын ортаңызда: мейлі туысыңыз, құрбыңыз, коллективіңіз болсын, осы жылы алғаш рет ораза ұстап жатқан кісілер болуы мүмкін. Ең болмағанда, бір-екі адам. Солардың тізімін жазыңыз. Егер өзіңіз де бірінші рет ұстап жатсаңыз, өзіңізді де жазып қойыңыз. Мүмкіндігіңізге қарай, соларға кішкентай болсын сыйлық жасаңыз. Зікірматик, кітап, құрма, зәмзәм берсеңіз болады. Тіпті өзіңіз тәтті торт, тағам пісіріп берсеңіз де, рамазан аяқталғанға дейін тізімдегі адамдарға беріп үлгеруге тырысыңыз. Сыйлық - адамдар арасындағы байланысты жақсартады!
- Бүгінгі сүннет амал - бәрі болмай дастарханнан тұрмау.
"Дастархан жайылған кезде ешкім дастархан жиналғанша орнынан тұрмасын. Тойса да барлығы тоқтамай қолын дастарханнан тартпай жей берсін. Өйткені қолын тартатын болса серігі қысылып, ол да ас ішуді доғарады. Алайда, серігі ас ішкісі келеді" деген хадис бар.
Сонымен қатар, тамақ басталғанда "Биссмиллаһ" деп бастап, "Әлхамдулиллаһ" деп аяқтау керек. Егер басында ұмытып кетсеңіз, "Басы үшін де, соңы үшін де Биссмиллаһ" деп айту керек.
Тамақты оң қолмен жеу де сүннет екенін білетін шығарсыздар?!
Солақай болсаңыз да, дәл осы тамақтануды оң қолмен жеп үйрену керек. - Төмендегі әрекеттерді естен шығармаңыз:
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
- Истиғфар айту
- Құран оқу
- Кітап оқу
- Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту
- Садақа беру - Бүгінгі сергіту ойыны әдеттегідей: ЖАСЫРЫЛГҒАН ХАДИСТІ ТАБУ!
Шартын жазып қажет емес шығар.
Бұл тапсырма үшін де сыйлық дайындап қойғанбыз)
ҚҰТЫЛУ | МЕЙІРІМ | КЕШІРІМ