January 8, 2020

ҮШІНШІ КҮН

Аллаға шүкір: үйімізді, миымызды толық тазалап біттік! Біттіңіздер ме тазалап?) Тапсырмалар бірнеше уақыт пен энергияны талап ететін болғандықтан, алғашқысы екі күнге берілген болатын. Келесі тапсырмаға дайынсыздар ма?

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Марафон тақырыбын білесіздер ия: ЖЕКЕ ШЕКАРА. Бүгіннен бастап, ватсаптағы группаларға, туыстарыңызға, құрбы-құрдастарыңызға КЕРЕКСІЗ, МАҢЫЗСЫЗ, ДЫМ ДА ҚАЖЕТІ ЖОҚ ПРИКОЛДАРДЫҢ, ҚҰТТЫҚТАУ ФОТО-ВИДЕОЛАРЫН және НЕГАТИВТІ смстерді, яғни НЕГАТИВТІ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ жіберуді тоқтатыңыз. Құттықтағыңыз келсе, екі сөз жазсаңыз да, өз тіліңізбен, шын жүректен жазғаныңыз әлдеқайда жағымды болады) Ал, негатив жіберумен өзіңізбен қоса, оның да миын керексіз ақпаратқа толтырып жатырсыз.
  • Қазір инстаграм қолданбайтын адам кемде кем. Бірі пайдалы дүние айтады, бірі үлгі болуы үшін, енді бірі пайдалы нәрсе алу үшін отырады. Бүгіннен бастап НЕГАТИВТІ, ЖАМАН, ЖАҒЫМСЫЗ комментарий жазуды доғарыңыз. Алдын жазбайтын болсаңыз, тіптен керемет. Кейде біреудің жағымсыз әрекетін көріп, дереу комментарий жазып, айтысып отыратын адамдар бар. Сіздер ол тізімдегі адамдардан болмаңыздар)
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Сіз біреуге қалай "обращение" жасайсыз, сізге де басқалар солай жасауына өзіңіз себепкер боласыз!

Ұнамай ма жазбалары, әрекеттері? Жай ғана ол парақшадан шығып кете салыңыз.

  • Шағымданбаңыз! Бүгін ешқандай "жалоба" айтпауға тырысыңыз. Мысалы былай: "Түүүй, неге сен үнемі осылай жасайсың?"; "Неге осындай жағдайлар тек менде ғана бола береді?"; "Сен бала еш ақыл тыңдамайтын болдың ғой!" "Тағы да ма?" т.с.с. МҮЛДЕМ! Сөзіңізге мән беріңіз. Сіз солай кімге айтсаңыз да: оған да, өзіңізге де зиян етесіз. Мүмкін оның көңіл күйі күштііі боп тұрған шығар, сізге жақсы бір жаңалық айтайын деп тұрған шығар, т.б. Кейін сізге де солай беймезгіл хабарласып немесе келіп, өзінің "проблемаларын" айтып, көңіл күйіңізді түсіріп тастауы мүмкін)
  • Осы айтылған тапсырмаларды күнделікті дағдыға айналдырып, үнемі өзіңізге, айналаңызға құрметпен қарауға әдетке айналдырыңыз! Жеке шекараңызды бұзуына және өзіңіздің де өзгелердің шекаарсына кіріп кетуден сақтаңыз! Сіздің қолыңыздан келетініне сенеміз 😘