February 10, 2020

БЕСІНШІ КҮН

Әне-міне дегенше марафонымыздың ортасына да келіп жеттік, Аллаға шүкір! Біршама өмірге нағыз керек ақпараттарға ие болдық) Алдағы бес күнде одан да керемет жаңалықтармен бөлісетін боламыз Алла қаласа)

Ендеше, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

  • Күнделікті орындау керек тапсырманың бірі - эфирді көру. Жаттап алған шығарсыздар уже☺Эфирді қайталап көріп, конспект жасап алыңыздар. Кешегі эфирді міндетті түрде қайталап қараңыз. Себебі марафонның ең маңызды эфирі болды!
  • Бүгіннен бастап негативті жаңалықтарды көруді тоқтатыңыз. Әрбір негатив жаңалық сіздің тек миыңызды ғана улап жатқан жоқ. Сіздің нерв жүйеңізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Бірде болмаса бірде бәрібір ол нәрсе өзінің әсерін тигізеді: балаңызға айқайлап жіберуіңіз мүмкін, жолдасыңызбен түсініспеушілік болуы мүмкін, жұмысыңызға концентрация жасай алмай, оған зияны тиюі мүмкін. Жалпы, негативті жаңалықтардың, хабарламалардың зияннан басқа ешқандай әсері жоқ)
  • Бүгінгі сүннет амал: тамақ iшiп отырғанда оң аяқты көтерiп, iшке тигiзiп отыру сүннет. Бұлай отырып тамақтанудың пайдасын қазіргі таңдағы дәрігерлер де мойындап отыр. Яғни, дұрыс тамақтану: асқазанды толтыра тамақ ішу - ішкі ағзалардың жұмысына бірден бір әсерін тигізетін әрекет.
  • Сонымен қатар, әр тамақтанар алдын бір стакан су ішуді әдетке айналдырсаңыз, бір айдан кейін ақ нәтижесін көре бастайсыз, Алла қаласа)
  • Бүгіннен бастап ұйықтардан кемінде 2 сағат алдын тамақтануды тоқтатыңыз. Өзіңізді бақылаңыз.
  • Бүгінгі эфирден алған ақпараттарыңыз жайлы, әсеріңіз жайлы, естіген жаңалықтарыңыз жайлы пост жазыңыз. Пост хэштегі: #БалқияБалтабайАрықтау #ДенсаулықМарафоны; және @korkem_angime парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз. Бұл жолы ЖЕҢІМПАЗ БІРЕУ ҒАНА! Сыйлық - 17-ақпанда басталатын 36.000 теңгелік "АРЫҚТАУ МАРАФОНЫНА" ТЕГІН БИЛЕТ!😍🤩🥰 Баршаңызға сәттілік)
  • Осыған дейін берілген тапсырмаларды да тоқтатпаңыз. Ол жаттығулар күнделікті үздіксіз орындалуы керек әрекеттер. Пайдасы өзіңізге келеді)