December 6, 2019
Алғашқы күн
Барлық әлемдердің Раббысы болған Аллаға сансыз мадақтар болсын!
Аллаға шүкір, көптен күткен #шүкіршілкмарафоны-н бастап отырмыз) Алдағы он күн бойы сіздерге барынша пайдалы ақпарат беруге тырысамыз. Ендеше, бәріңізге сәттілік 🤚
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең алдымен, "шүкіршілік" дәптерін арнаңыз. Күнделікті сол дәптеріңізге 5 шүкір ететін барлық нәрсені жазып отырыңыз, тіпті аяғыңыздағы шұлық үшін де шүкір айтуға болады. Бірақ, ешқайсысы қайталанбауы керек. Сол себепті де, күніне бесеу жазсаңыз жеткілікті)
- Бүгіннен бастап әр күнді белгілі бір затқа немесе жағдайға шүкіршілік етуге арнап отырамыз. Бүгінгі күнді - осы күнге арнаймыз. Яғни, осы таңды атырғаныңызға, осы күнге дейін аман-сау жеткеніңізге шүкір айтыңыз. Алла сіздің бүгінгі күнді көруіңізді нәсіп еткені үшін)
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз. Дәл осынша айтыңыз деп айтпаймыз, өзіңіздің мүмкіндігіңізге қарай. Қаншалықты көп айтсаңыз, соншалықты сауабы мол)
- Өткен марафонда "Садақа" құтысына күнделікті 100тг салып отырыңыздар деп ескерткен болатынбыз. Егер алдыңғы марафонға қатысқан болсаңыз, сол садақа құтысын ары қарай қолдансаңыз болады. Жаңадан қосылып жатқан ханымдар, сіздер де садақа құтысын арнаңыздар және күнделікті 100тг салып отырыңыздар. Ниет етуді ұмытпаңыздар)
- Жұмадағы эфирде айтылған тапсырманы орындаңыз🌹
December 6, 2019, 17:05
0 views
0 reactions