December 15, 2019

СОҢҒЫ КҮН

« Алла көктер мен жерді жаратты, сөйтіп аспаннан су (жаңбыр, қар) жаудырып, сол арқылы сендерге ризық етіп жемістерді шығарды. Ол (өз) әмірімен теңізде жүзіп жүруі үшін кемелерді сендерге бойұсындырды. Және өзендерді де сендерге бағындырды. Сондай-ақ Ол (Алла Тағала) тұрақты түрдегі күн мен айды сендерге (жалпы пайдаларың үшін) бойұсындырды, тағы да түн мен күндізді де (тіршіліктеріңе қолайлы етіп) бағындырды».

(«Ибраһим» сүресінің 32-33-аяттар)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Көзді ашып-жұмғанша марафонымыздың соңғы күніне де келіп жеттік. Кейде расымен қолымыздағы барды қанағат тұтпай, жоғарыға қарай талпына береміз. Бұл деген сөз талпынбаңыздар дегені емес, керісінше дәл қазір қолыңыздағы барды қадірлеп, құнын білсеңіз, соған шүкір ете алатын болсаңыз, ертең сізді одан да үлкен нығмет күтіп тұруы мүмкін дегенді білдіреді)
  • Бүгінгі соңғы күнді Тәуелсіздігіміз үшін арнаймыз! Өзге елдің қармағында жүріп, әлі күнге дейін бостандығын ала алмай жүрген қаншама ел бар.
  • Бүгін өзіңізге кішкене қорытынды жасаңыз: осы марафон басталғалы не өзгерді? Қандай әсердесіздер? Осы сұрақтарға жауап беріп керіңіз, егер мүмкіндігіңіз болса, біздің парақшаны белгілеп пост жазсаңыз да болады)
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз. Бұл әдетті марафоннан кейінгі уақытта да айтуды жалғастырыңыз. Күнделікті салуат айтып жүрген адам көөөп пайдаға кенеледі)
  • Шүкіршілік дәптеріңізге күнделікті кемінде 5 шүкір жазуды тоқтатпаңыз, ары қарай жалғастырыңыз. Бұл сіздің ризығыңыздың артуына көмектеседі
  • Садақа құтысына садақа салуды да ұмытпаңыз. Есіңізде болсын: садақа барлық бәле-жаланың алдын алады, ризықты молайтады)

Өткізген он күн бойы бізбен болғандырңызға рахмет! Алла барша дұға-тілектеріңізді, жасаған садақаларыңызды, айтқан салауаттарыңызды қабыл етсін! Отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға мол табыс етсін.

Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ құтты болсын!

Сіздермен қоштаспаймыз: біздің парақшалардағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар. Алла бұйыртса, келесі тегін марафонда кездескенше 😘😘😘

Қолымыздағы дүниеге шүкір ете білсек, Алла оны одан сайын арттыра түседі! Осыған сеніңіздер)