December 11, 2019
АЛТЫНШЫ КҮН
Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр-түрі бар. Ендеше, Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?
(Рахман сүресі, 68-69 аяттар)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Жоғарыдағы аяттардан-ақ бүгінгі күннің шүкіршілігін біліп отырған шығарсыдар. Бүгін күнделікті ішіп-жеп, тамақтанып, қуаттанып жүрген барлық тағамдарға, суға, жеміс-жидектерге шүкір етеміз. Қарапайым ішіп жүрген суымыз бен қара нанға жете алмай жүрген миллиондаған адам бар. Қолымыздағы қарапайым заттарға шүкір етіп бастасақ, өміріміздегі бағалы заттардың құнын білу қиынға соқпайды)
- Бүгін - бейсенбі. Мүмкіндігіңізше нәпіл (сүннет) ораза ұстауға тырысыңыз. Себебі, аптаның әр дүйсенбі және бейсенбі күні ораза ұстау - сүннет.
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз
- Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазыңыз
- Садақа құтысына 100тг салуды ұмытпаңыз
December 11, 2019, 16:03
0 views
0 reactions
0 reposts