November 17, 2019

17-КҮН

Салауат марафонымыздың он жетінші күніне де келіп жеттік. Алда тек 13-ақ күн қалды) Бүгін жаңа апта басталды. Тағы да таң атты, Аллаға шүкір.

Бүгінгі тапсырма:

  • Өткен тапсырмаларда айтылғандай, осы аптаның өзіңізге қолайлы бір күнін таңдап, қонақ шақырыңыз: кімді қонақ етсеңіз де өз еркіңіз. Ниет етуді ұмытпаңыз)
  • Алдағы аптаның бір күнін таңдап, ең жақын туысыңызға немесе құрбыңызға, танысыңызға (өз еркіңізде) тосын сый жасаңыз: міндетті түрде бағалы сыйлық алудың қажеті жоқ. Мүмкін жұмыс жасайтын орнына түскі ас апарып бересіз, немесе бір тал гүл апарып бересіз. Қандай сыйлық болмасын шын көңілден берсеңіз, алған кісі де, сіз де керемет көңіл күйде боласыздар. Балаңызға да жасасаңыз болады. Тағы да ниетті ұмытпаңыз)
  • Ертең дүйсенбі. Ал, әр дүйсенбі және бейсенбі күні ораза ұстау - сүннет.
  • Ал, бүгінгі хадис:
«Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады».
  • Бүгінгі жаттайтын Алланың көркем есімдері:

29. Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның жүрегін нұрландырады.

30. Әл-Ғадилу – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ.


Күнделікті орындалатын тапсырмалар:

  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
  • Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқу
  • Садақа құтысына 100тг салу