December 8, 2019
ҮШІНШІ КҮН
Аллаға сансыз шүкір: келесі бір жаңа күн, жаңа апта, жаңа мүмкіндіктерді нәсіп еткені үшін!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгінгі күнді - отбасымызға деген шүкір айтуға арнаймыз. Араларыңызда ренжісіп, бір біріне сөйлей алмай жүрген адамдар бар шығар. Бірақ, естеріңізде болсын: тіпті бір секундтан соң кімге қандай жағдай боларын ешкім білмейді. Ата- ана, бауырсыз, туысқаны жоқ, жалғыз жүрген жандар қаншама. Сондықтан, жаныңызда жүрген қымбат жандарды сізге берген Аллаға сансыз шүкір айтыңыз)
- Аптаның басы болғандықтан, бүгінгі күнді отбасымызға арнағандықтан ата- анаңызға хабарласып,қал-жағдайын сұрап қойыңыз
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз
- Садақа құтысына 100тг салыңыз
- Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазыңыз
December 8, 2019, 16:10
0 views
0 reactions
0 reposts