February 7, 2020

ЕКІНШІ КҮН

Дайындықты жасап біттіңіздер ме? Айтылған заттарды алдыңыздар ма? Марафон қалай болып жатыр? Сіздерге кішкене болсын пайдамыз тиіп жаста, біз үшін ең қуанышты нітиже сол болар)

Ендеше, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ:

  • Марафон аясында өтіп жатқан эфирлерді жібермей көріп жүріңіз. Тапсырмада айтылғанмен, эфирде солардың барлығы кең ауқымда түсіндіріледі. Және ұмытпаңыз: бәрі де сіздер үшін) Эфирді толық көріп, керек жерін дәптеріңізге түртіп алыңыз. Келесі де бұл ақпараттың бәрі ақылы болуы мүмкін!
  • Эфирде айтылғандай, кешегі алған зәм зәм суларыңызды бүгіннен қалдырмай көбейтіп алыңыздар: өзіңіз үшін қажет)
  • Бүгіннен бастап таңертең бір стакан су мен бал (мед) жеуді күнделікті әдетіңізге кіргізіңіз. Қаншалықты пайдалы екендігін эфирден қарап, түсініп алыңыздар. Бұрыннан әдеттенген болсаңыз, тіптен жақсы🥰
  • Алланың мына көркем есімдерімен кемінде 100 рет зікір етіңіз:

Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.

Ас-Сәлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.

  • Зәмзәмнің қасиеті, пайдасы жайлы пост жазыңыз: алған ақпаратты өзгемен бөліскенде ғана, ол миыңызда ұзаққа сақталады. Алдын ала ниет етіп жіберсеңіз, әрі сауап жинайсыз. Мүмкін дәл сіздің постыңыздан кейін бір адам болса да өз керегіне жаратып, сіз соған себепкер боларсыз. Есіңізде болсын: жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, бастысы - ДҰРЫС НИЕТ!
ЕСКЕРТУ! Жазған постыңызға #зәмзәмпайдасы деген хэштег қоюды және @korkem_angime парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз!
  • Ең әсерлі етіп жазған БЕС ПОСТ иесіне сыйлығымыз бар! БҮГІНГІ Сыйлық - ЗӘМЗӘМ СУЫ😍🤩 Марафонның ОНКҮНДІГІНДЕ он күн бойы пост жазған ханымдар арасында күнделікті сыйлық иелерін анықтап отырамыз! Сыйлық - СЮРПРИЗ болсын!🥰