June 14, 2020

БІРІНШІ ТАПСЫРМА

Қайырлы кеш, ханымдар, қыз-келіншектер мен аяулы арулар!
Жақсылыққа ұмтылған ниеттеріңізге қарай, Алла ниеттеріңізді қабылдап, қуанышты жағдайларды нәсіп етсін!

Әр айда жасап отыратын тегін марафонымызға қош келдіңіздер!

Алдағы он күн сіздмен бірге көптеген қызық, пайдалы ақпараттармен тапсырмаларды беріп, кішкене болсын өміріңіздің мәнді өтуіне септігімізді тигізгіміз келеді!

Олай болса, басталды. "Биссмиллә"!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Тапсырмаларды орындамас бұрын ниет етуді ұмытпаңыз!
  • Бұл марафонның өзгелерінен айырмашлығы болады. Тапсырмалар әр екі күн сайын беріледі. Яғни бір тапсырманы екі күн орындайсыз)

    Ең алғашқы тапсырма - МІНДЕТТІ ТҮРДЕ көркем әңгіме парақшасындағы "ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ" деген эфирді көру! Себебі ол эфир осы марафонның кіріспе эфирі! Керек жерін дәптеріңізге түртіп алыңыз)
  • "Садақа құтысын" арнаңыз және бүгіннен бастап міндетті түрде кемінде 100тг салып отырыңыз сол құтыға (ниет етуді ұмытпаңыз)! Немесе эфирде көрсетілген мешіттің счетіна салып отырсаңыз болады!
  • Ютуб каналдан, @tegin.marafon парақшасынан Балхия ханымның "САДАҚА" тақырыбындағы сабақтарын қарап шығыңыз.
    Видеода: "Егер менде садақа жасайтын ақша жоқ болса ше?" "Кімге берсек болады садақаны" деген сұрақтарыңызға бүге-шүгесіне дейін жауап берген)
  • Марафонымыздың тақырыбына сәйкес, негізгі бағытымыз да сауапты істер жасауға арналады. Әрбір істі жасамас алдын ниетіңізді жаңалап отырыңыз!
    Көп тапсырмаларды адамзаттың Ардақтысы болған, мінсіз Пайғамбарымыздың (с.а.с) әрекеттерінен алып отыратын боламыз!
  • Осы марафон жайлы барлық таныстарыңызды, құрбыларыңызды, туыстарыңызды ескертіңіз және ниет етуді ұмытпаңыз) Өз парақшаңызға шығарыңыз, сторизіңізде бөлісіңіз. Қандай әдісті таңдасаңыз да өз еркіңіз.
    Көркем әңгіме парақшасындағы соңғы посттардың ішіндегі СЫЙЛЫҚТАРДАН құр қалып қоймаңыз. Сыйлық иесі сол посттың астындағы комментарий қалдырушылардың арасынан анықталады)
  • Күніне ең кемінде 3 адамға көмек көрсетіңіз: балаңыз, күйеуіңіз, коллективіңіз, жолдағы бейтаныс адам, анаңыз, т.б. адам болуы мүмкін. Ең бастысы шын жүректен жасаңыз! Алла өте Әділетті: сіздің әрбір әрекетіңізді есепке алып отырады!