April 3, 2020
БІРІНШІ КҮН
Қасиетті Жұма күніне сай келген кезекті РУХАНИ ТЕГІН МАРАФОНЫМЫЗҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! Жақсылыққа ұмтылған ниеттеріңізге қарай, Алла ниеттеріңізді қабыл етіп, қуанышты жағдайларды нәсіп етсін! Жұмадағы барша дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Ендеше "Биссмиллә" деп бастаймыз)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең алдымен ниетіңізді дұрыстап, нақтылап алыңыз! Ниеттің қаншалықты маңызды екенін Балхия ханымның өткен эфирлерінен естіп жүрген шығарсыздар. Ютубтан Балхия ханымның ниетке байланысты видеосын қарап шығыңыз.
Сілтеме міне👇👇👇
- @tegin.marafon парақшасындағы осы онкүндік сабақтың бірінші эфирін міндетті түрде көріңіз. Егер эфир уақытында көрген болсаңыз да, қайта қарап шығу артықтық етпейді. Керек маңызды мәліметтерді дәптеріңізге түртіп алыңыз: өзіңіз үшін пайдалы. Алған ақпарат ұзақ уақытқа дейін есіңізде сақталатын болады Алла қаласа)
- Зікірматик (электронды тәсбих) алыңыз. Егер мүмкіндік болмаса, қарапайым тасбихты қолдансаңыз да болады. Және бүгіннен бастап күніне 100 рет мына салауатты айтыңыз:
Аллаһуммә салли 'алә Мухаммадин уа 'алә әли Мухаммад
- Бүгіннен бастап Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өмір баянымен танысамыз. "Адамзаттың асыл тәжі - Мұхаммед" деген кітапты оқимыз.
(Мүмкіндігіңізге қарай күніне 5-10 беттен оқысаңыз болады).
Электронды нұсқасын біздің телеграм каналдан ала аласыз. - Өткен рамазаннан қалған қарыз оразаларыңыз бар болса, толық ұстап тастауға тырысыңыз. Бірақ, есіңізде болсын: РАМАЗАНҒА 15 КҮН ҚАЛҒАНҒА ДЕЙІН ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕП ТАСТАҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС!
- Телеграм каналда беріліп жатқан фильмді күнделікті қарап жүріңіз. Енді қосылып жатқан болсаңыз, кішкене жоғары көтеріңіз: өткен бөлімдерінің сілтемесі бар.
- Эфирден алған әсеріңіз бойынша пост жазыңыз.
Мүмкіндігінше осы марафонға барлық таныстарыңызды шақырыңыз: әрі сауапты іс, әрі олардың да осындай маңызды ақпараттарды естіп, амал етуіне себепкер боласыз)
Пост тақырыбы: РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ
Пост хэштегі: #рамазанғадайындық1күн #көркемәңгіме_тегінмарафон
Постқа мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз: @korkem_angime және @tegin.marafon
Ең әсерлі етіп жазған ЕКІ ПОСТ иесіне сыйлығымыз бар!
Марафонның ОНКҮНДІГІНДЕ он күн бойы пост жазған ханымдар арасында күнделікті сыйлық иелерін анықтап отырамыз! Келесі сыйлық - СЮРПРИЗ болсын!🥰
April 3, 2020, 12:03
0 views
0 reactions
0 reposts