May 7, 2020
ОН ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА
Күн сайын Алланың берген сансыз нығметтерін көріп, олардың қадір-қасиетін ұғынып жатқын шығарсыз. Көп аймақтарда күн сайын ауа да жылып, жаздың лебі де сезіліп жатыр! Аллаға шүкір! Рамазанның үшінші жұмасына де келіп жеттік!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ертең қасиетті Жұма күні. Жұма күнге дайындық жасаңыз: үйіңізді тазалаңыз, ауланы тазалаңыз. Кәдімгі мерекеге дайындалған секілді дайындық жасаңыз. Егер сіз солай күтетін болсаңыз, балаларыңыз да болашақта Жұма күнін мереке ретінде қарсы алатын болады.
- Бүгін күнделікті садақадан бөлек, тағы қосымша садақа беріңіз! Садақа деген тек қана ақша беру ғана емес! Көркем әңгіме парақшасында соңғы посттардың ішінде садақаға не жататыны туралы айтылған.
- Өмірден өткен жақын-туыстарыңызға арнап Құран бағыштаңыз, дұға жасаңыз!
- Еліміз үшін де дұға жасауды ұмытпаңыз!
- Кәһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз.
- Бүгінгі жұмадағы жарысқа қатысыңыз)
Өткен сабақтарды көріп жүрген боларсыз? Алла қаласа сәресіден соң, арнайы пост шығады. Сол постта Рухани Шерудің өткен сабақтарына байланысты жарыстың шарттары айтылады!
Дайын болыңыздар! - Алланың көркем есімдерін жаттап жүрсіздер ме?
Алла қаласа ертең есімдер бойынша тест жасаймыз!