Ана мен бала
April 25, 2019

Қант диабетiне шалдыққанда жүктi әйелдер қалай емделедi?

Диабет – бұл қан құрамында қант мөлшерiнiң көбейiп кетуiнен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрi де ауырады. Әсiресе жасөспiрiм кездегi диабет ауруы қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрi қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс iшiп, толыса бастаған адамдарға тән болып келедi. Қант диабетi – көмiрсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни, қанға көп мөлшерде қант түйiршiгiнiң бөлiнуi болып табылады. Диабет инсулиннiң асқазан асты безiнен жеткiлiктi мөлшерде бөлiнбеуi салдарынан басталады. Инсулинсiз ағза қант түйiршiгiн өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшерi артады.

Бұл ауруға жүктi әйелдердiң де шалдығатыны анық. Қант диабетi екi деңгейден тұрады. Оның негiзгi белгiлерiне мыналар жатады:

  • үнемi сусап тұру;
  • кiшi дәреттiң жиiлеп, көп болуы;
  • үнемi шаршап жүру;
  • қол-аяқтың ұйып жансыздануы;
  • үнемi қарын аштығынан арылмау;
  • салмақ азаюы.

Ал, қант диабетiнiң екiншi деңгейлi белгiлерiне:

  • терiнiң қышуы;
  • көздiң көру қабiлетiнiң нашарлауы, яғни, тұмандануы;
  • аяққа жазылмайтын созылмалы жараның шығуы;
  • естен тану жатады.

Алайда бұл белгiлер басқа аурудан хабар бергенде де байқалуы мүмкiн. 40 жастан кейiн диабеттi дәрi-дәрмексiз-ақ, тамақтануды дұрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмiр бойы сақтауы керек. Бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәнi зор.

Аяғы ауыр әйелдер диабетпен қалай ауырады?

Кейбiр әйелдер қант диабетi ауруын оңай жеңiп, жеңiл өтетiн болса, ендi бiрi ауру үстiне ауру қоса беретiнi бар. Мұның бәрi де тұқымқуалаушылыққа байланысты екен. Егер де екiқабат әйелдiң туыстарының бiрi осы аталмыш ауруға шалдыққан болса, онда оның да осы ауруды бастан өткiзуi ғажап емес. Яғни, қант диабетiмен ауыратын әйелдердiң генетикалық жағынан бұл ауруға бейiм болады деген сөз. Бiрақ та алғашқы жүктiлiктерiнде көмiрсу алмасу тапшылығы байқалған әйелдер де қант диабетi ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар, семiздiк те қант диабетi ауруына себеп болуы ықтимал. Сондықтан да жүктiлiк кезiнде әр әйел үнемi өзiнiң салмақ индексiн бiлiп жүруi керек. Ол үшiн салмағыңызды бойыңыздың ұзындығына бөлiп, шыққан санның квадратын шығарасыз. Сонда шыққан сан 30 немесе одан да көп болатын болса, күн сайын қан құрамындағы қант мөлшерiн тексерiп тұрған дұрыс. Осылайша қант диабетiнiң алдын алуға да мүмкiншiлiгiңiз бар екенiн ұмытпаңыз.

Қандағы қант мөлшерi шамадан тыс көбейген кезде ауру өзiн жайсыз сезiнiп, әлсiрей бастайды. Сондай-ақ, салмағы артып, көзi жиi-жиi бұлдырайды. Бұдан бөлек, несептiң ерiктен тыс шығуы мүмкiн. Бұл аурудың ең қорқынышты жерi бiлiнбей басталуында жатыр. Бастапқы кезеңiнде қант диабетiне шалдыққан адам өзiн қалыпты сезiнiп, аурудың басталғанын сезбей де қалады. Сол себептi де ағзадағы көмiрсус алмасуының қалыптылығын бiлу үшiн диабетке қан тапсырған жөн. Сонда сiз өзiңiздiң сау не ауру екенiңiздi анық бiле аласыз.

Жүктiлiк кезiнде қант диабетiне қан тапсыру бiрнеше рет жүргiзiледi екен. Акушер-гинеколог дәрiгерге алғаш барған күнi ол сiзге мiндеттi түрде диабетке қан тапсыруға жолдама жазып бередi. Қанды ашқарынға тапсыру керек. Алайда сараптама жасатар алдында ешқандай диета ұстанудың қажетi жоқ.

Дәрiгер кеңесi

Айгүл Алимбетова Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрiк университетi клиникасының акушер гинекологы

Диабеттiң жүктiлiкке зияны бар ма?

- Егер де қант диабетi ауруын емдемесе, бұл жүктi әйелдiң де, iштегi баланың да денсаулығына айтарлықтай зиянын тигiзедi. Болашақ ананың қанындағы глюкоза еш кедергiсiз ұрыққа өтедi. Сөйтiп кiшкентай шарананың ендi ғана дамып келе жатқан ұйқы безi көп мөлшерде инсулин шығарады да, қанттың бәрi майға айналады екен. Содан келiп бала туылғанда өте салмақты болып туылады. Алайда, мұндай баланың денi сау болмайтыны анық. Оның үстiне салмағы 4 келiден асатын сәбидi дүниеге әкелу де ана үшiн қиындық тудырады. Дегенмен, нәресте туылып, кiндiгi кесiлгеннен кейiн анадағы глюкоза балаға өтуiн тоқтатады. Бiрақ, сәбидiң ұйқы безi инсулин шығаруын тоқтатпайды. Сөйтiп баланың қан құрамындағы қант мөлшерi бiрден түсiп, оның денсаулығына зиянын тигiзедi.

Болашақ аналар үшiн қант диабетi айтарлықтай қауiптi деп айтуға болады. Себебi, жүктi әйелдер қант диабетiне шалдығатын болса, бүйрек жұмысы бұзылып, көздiң көруi күрт нашарлайды. Сондықтан да қант диабетiнiң алдын алып, ауруды болдырмаған дұрыс.

Емделу мiндеттi!

Қант диабетiне шалдыққан көп аналар күйзеліске түсіп, денсаулығын ойлап, күнделiктi уайымдап жүредi. Бiрақ та мұндай үрей бойды билегенде сiзден басқа да әйелдердiң дүниеге сап-сау бала әкелiп жатқанын ой елегiнен өткiзiңiз. Сонымен қатар, дер кезiнде талдау-сараптау жасатып, нәтижелерiн алып тұру керек. Аурумын деп өз-өзiңiзден шошынып, жүйкеңiздi тоздырудың қажетi жоқ. Күнделiктi жақсы тамақтанып, физикалық қозғалысты да бiр қалыпты ұстаған дұрыс.

Қалай тамақтану керек?

- Дәрiгер қант диабетiне шалдыққан жүктi әйелдерге қалай тамақтану керегiн түсiндiрiп айтатыны сөзсiз. Бiрақ кей жағдайларда тамақтану мәселесiне келгенде салғырттық танытатындар кездеседi. Дегенмен екiқабат әйелдер қант диабетiмен ауыратын болса, тәттiлерден үзiлдi-кесiлдi бас тартқаны дұрыс. Оның орнына көкөнiстер мен дәруменге бай салаттарды, сүзбенi жеуге болады. Сондай-ақ, ұннан жасалған нандарды, түрлi дәндi-дақылдардан жасалған ботқаларды жеу керек. Алайда тамақтану уақытын жиiлетiп, аз-аздан жеудi ұмытпаған жөн. Осындай тамақтану жолдары арқылы қан құрамындағы қанттың мөлшерiн бiр қалыпты ұстауға болады.

Жүктi әйелдiң қант диабетiмен ауыратыны анықталғаннан кейiн екi апта бойы бiз ол науқасты бақылауда ұстаймыз. Диетаның көмегi мiндеттi түрде тиюi керек. өйткенi дұрыс тамақтанған аурулар ғана бұл ауруды жеңе алады. Оның үстiне дұрыс тамақтану қант диабетiнiң басты дәрiсi деп айтсақ та болады.