Ана мен бала

Қант диабетiне шалдыққанда жүктi әйелдер қалай емделедi?

Диабет – бұл қан құрамында қант мөлшерiнiң көбейiп кетуiнен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрi де ауырады. Әсiресе жасөспiрiм кездегi диабет ауруы қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрi қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс iшiп, толыса бастаған адамдарға тән болып келедi. Қант диабетi – көмiрсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни, қанға көп мөлшерде қант түйiршiгiнiң бөлiнуi болып табылады. Диабет инсулиннiң асқазан асты безiнен жеткiлiктi мөлшерде бөлiнбеуi салдарынан басталады. Инсулинсiз ағза қант түйiршiгiн өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшерi артады.

Жүктілікке дайындықты қалай жүргізу қажет?

Бүгінгі таңда дені сау баланы дүниеге әкелу күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Әйел денсаулығының осылайша тым нашарлап кетуіне не себеп? Табиғаттың ластануы,экология салдарынан деп жатады. Бұлайша экологиядан деп бір жақты қарауға да болмайтын сияқты. Себебі, бұдан бөлек, адамдардың дұрыс тамақтанбауы, сауатсыздығының салдарынан да қоғамда осындай мәселе туындап отыр. Дегенмен, қандай мәселенің болмасын шешілмейтін түйіні болмайды. Осы орайда біз көкейімізде жүрген сауалдарымызды «Гранд» клиникасының гинеколог, репродуктолог. эндокринолог дәрiгeрі Абдраманова Айгүл Ибадуллақызынан сұраған болатынбыз. Бұл сыр сұхбат қыз-келіншектерге үлкен ой салады деген үміттеміз.

Жүкті әйелдерге ауыруға жол жоқ

Әйел тоғыз ай бойы болашақ сәбиін құрсағында көтеріп, айы-күні жетіп оны дүниеге әкеледі. Дегенмен осы тоғыз ай аралығында жүкті әйелдер денсаулығын қатаң күтуі тиіс. Көп жағдайда ананың осылайша ауыруының себебінен соңғы уақытта дүниеге дені сау баланың келуі азайып барады. Көп нәрестелер жүрек ақауы немесе дисплазиямен және бас-сүйекшілік қан қысымы және т.б. аурулармен туылуда. Әйел екіқабат кезінде қандай да бір аурумен ауырған болса ол міндетті түрде іштегі балаға әсер етіп, шарана туылмай жатып дертке шалдығады. Екіқабат әйелдер аурудан сақтанып, қанша жерден тырысқанымен, көпшілік ортаға барғанда сырттан тұмауды жұқтырып алуы мүмкін. Оның зардабы тек анаға ғана емес, сәбиіне де тиеді. Сондықтан да екіқабат әйелдер осы тоғыз...