Ана мен бала
April 25, 2019

Жүкті әйелдерге ауыруға жол жоқ

Әйел тоғыз ай бойы болашақ сәбиін құрсағында көтеріп, айы-күні жетіп оны дүниеге әкеледі. Дегенмен осы тоғыз ай аралығында жүкті әйелдер денсаулығын қатаң күтуі тиіс. Көп жағдайда ананың осылайша ауыруының себебінен соңғы уақытта дүниеге дені сау баланың келуі азайып барады. Көп нәрестелер жүрек ақауы немесе дисплазиямен және бас-сүйекшілік қан қысымы және т.б. аурулармен туылуда. Әйел екіқабат кезінде қандай да бір аурумен ауырған болса ол міндетті түрде іштегі балаға әсер етіп, шарана туылмай жатып дертке шалдығады. Екіқабат әйелдер аурудан сақтанып, қанша жерден тырысқанымен, көпшілік ортаға барғанда сырттан тұмауды жұқтырып алуы мүмкін. Оның зардабы тек анаға ғана емес, сәбиіне де тиеді. Сондықтан да екіқабат әйелдер осы тоғыз ай ішінде аурудан сақтанғандары жөн. Жүкті әйелдер неліктен ауырмауы тиіс?

Екіқабат әйел белгілі бір ауруға шалдықса оның ағзасына вирус түсіп, бойын әлсіздік билейді. Содан кейін ананың дене қызуы көтеріліп, өзін нашар сезіне бастайды. Мұндай кезде жүкті әйел тұрмақ салт адамдардың өзі ауруға шыдай алмай жатады. Ал, ана денсаулығы жүктілікке дейін де жақсы болмаған болса жағдай мүлде қиындай түспек. Оның балаға қаншалықты әсер ететіні ауру түріне байланысты. Тұмауратып қалған жағдайда не істеу керек?

Егер де жүкті әйелдер тұмауратып қалған болса, бірінші кезекте дәрігердің қабылдауында болып, кеңес алуы қажет. Содан кейін ғана, ағзаға пайдалы С дәруменіне өте бай итмұрын, зімбір шайларын демдеп ішуге болады. Бал қосылған жылы сүт те өте пайдалы. Сондай-ақ, дәрігер жазып берген дәрумендерді де уақытылы ішу керек. Тұмауды жеңуге көмектесетін бірден-бір дәрумен ол - С дәрумені. Ал, ауру кезінде байбалам салып, өз-өзін кінәлай берудің қажеті жоқ. Тек мұндайда сабырлылық танытып, оның орнына дәрігерге қаралуды ойлағаны абзал. Алайда, мұны біз айтқанымызбен көп әйелдер орындай бермейді. Ауруы әбден асқынғанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді. Тұмаудыңауыр түрімен ауырса

Егер де болашақ ана тұмаудың ауыр түрімен ауыратын болса, дене қызуы 38 градустан асып кетері сөзсіз. Бірінші кезекте осы шаманы түсіруге тырысқан жен. Ал, егер де 24 сағат бойы дене қызуы төмендемесе іштегі баланың жағдайы да болашақта дұрыс болмауы мүмкін. Әсіресе мұндай жоғары дене қызуы жүктіліктің бас кезінде өте қауіпті саналады. Себебі бұл уақытта сәбидің белгілі дене мүшелері қалыптасады. Бір тәулік бойы дене қызуы түспей, екіқабат әйелдер бұған мән бермей жүре берсе, ол болашақ нәрестенің миы

мен жүйке жүйесінің дамуына кері эсер етіп, тіпті, оның жұмыс істеу қалпын бұзады. Сондай-ақ, жүрек-тамыр ауруларымен туылуы да мүмкін. Сондықтан да дер кезінде әрекет етіп, дене қызуын түсіру қажет. Ол үшін арнайы дене қызуын түсіретін дәрі ішу керек. Алайда дәрігерден кеңес алмай келіспей мұндай қадамға баруға да болмайды. Әсіресе жүктілік кезінде антибиотиктерді ауыр жағдай болмаса мүлде қабылдамаған дұрыс. Сондай-ақ, анальгин, аспирин сынды дәрілерді де ішпеген жөн. Оның орнына көбірек сусын ішкен пайдалы. Жүктілік кезінде мыналардан сақтанған дұрыс:

• Біріншіден, вирусты жұқпамен ауырып жүрген адамдардан аулақ жүру қажет. Ол үшін жұртшылық көп жиналатын жерлерге бармай, өзін аурудан алыстатқан жөн;

* Қоғамдық көлікке міну, үлкен дүкендерді аралау екіқабат әйел үшін тиімсіз. Алайда, кейбір жағдайларда амалсыздан бұл орындарға баруға тура келеді. Осындайда вирустарға қарсы мазьді мұрынға жағып, ал тамақты эвкалипт немесе сутек тотығы қосылған (1 стақан суға бір шай қасық) жылы сумен жиі-жиі шайып тұру керек. Мұның екіқабат ейелдерге мүлде зияны жоқ;

* Жылы киініп жүру керек. Салқын су емес бөлме температурасындағы суды ішкен дұрыс. Әйтпесе осыдан-ақ, жүкті әйелдер суық тиіп ауырып қалып жатады;

* Егер де отбасы мүшелерінің бірі тұмауратып жатса, кішкентай тәрелкеге сарымсақты турап үстелдің үстіне қойып қойыңыз. Сарымсақтың құрамындағы фитонцидтер үйдің ішін инфекциядан қорғайды;

* Міндетті түрде үйді желдетіп тұру қажет. Тіпті, қыс ауасында да бұл өте маңызды.

Темекі шегу өте зиянды

Әcipece алғашқы үш айда өте қауіпті. Негізінде жүктілікке дейін темекіні тастаған дұрыс. Әйтпесе темекінің салдарынан сәби түрлі ауруларға шалдығып, тіпті іште жатқанда оттек жетіспеушілігіне ұшырайды. Мұндай кезде баланың қалай қиналатынын өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Сонымен қатар, жүктіліктің екінші кезеңіндегі темекі зияны сәбиді белгіленген күнінен ерте дүниеге келуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қоймай баланың салмағы өте аз болып туылады. Сондай-ақ, сәби болашақта да бұл зиянды әрекеттің зардабын шегетін болады. Әсіресе мектепке алғаш барған сәтте өзі қатарластардан қалып қойып,сабағын түсіне алмай жүруі де мүмкін. Мұндайда ата-ана өзін емес бірінші кезекте баланы кінәлайтыны сөзсіз. Ал, оның зиянын кішкентай сәби анасының ішінде жатқанда-ақ алып қойғанын көп әйелдер біле бермейді. Сол себепті де темекінің зардабын балам көрмесін дейтін болса. Жүкті әйелдер темекіден бас тартуы керек.

Темекі уымен уланған бала іште жатып-ақ оған тәуелді болып қалады. Сондықтан да күніне темекінің бір қорабын шегетін аналар бұл әдетін бірден қоймауы қажет. Өйткені темекіге әбден тәуелді болып алған шарана оның жеткіліксіздігінен зардап шегетін болады. Сол себепті де темекіні кеп шегетін әйелдер оны жаймен қойғандары дұрыс. Ең дұрысы темекіні жүктілікке дейін тастаған. Болмаса ана да, бала да бұл теріс қылықтың зиянын көріп, зардабын тартатын болады.

Сәби неліктен жүрек ақауымен дүниеге келеді?

Жүрек ақауы - бұл жүректің үлкен жене кіші қанайналым жүйелерінің бұзылуы. Соңғы кезде дәл осы аурумен көптеген сәбилер дүниеге келуде. Мұның себебі неде? Жүрек ақауы қалай пайда болады? Жүрек ақауы сәби анасының ішінде жатқанда екі не 8 апталық кезінде пайда болуы мүмкін. Бірақ, әлі күнге дейін оның неден пайда болатыны табылмай отыр.

Әйтседе біршама түсініктеме келтіріп кетуге болады. Бұған дейінгі балалары жүрек ақауымен туылған болса, келесі сәбидің де осы аурумен туылуы жиі кездеседі. Сонымен қатар, жүктілік кезінде болашақ ана есірткілік заттарды көп қолданып немесе қабылдайтын болса сәбиі жүрек ақауымен туылады. Алкогольді ішімдіктерді көп ішіп, темегі тартатын болса да осы ауруға жол ашылады. Сондай-ақ, алғашқы үш айда жүкті әйел сары аурумен немесе қызамықпен және тұмаумен ауырған болса жүрек ақауы бар баланы дүиеге екеледі. Сондықтан да баланың болашағын ойлайтын ана мұндай теріс әрекеттерден дер кезінде арылғаны дұрыс.

Темекі секілді алкогольді ішімдікке әуес аналар осындай ауру балаларды дүниеге екеледі екен. Сонымен қатар, мұндай аналардың балалары да темекіге уланғандай алкогольді ішімдікке уланып, оған тәуелді болып қалады екен. Соның салдарынан нересте туыла салып, шырылдап жылағанын қоймай, беймаза күй кешеді. Себебі, алкогольді ішімдіктің зиянын тартқан балалардың денсаулығында ақауы бар болып туылады. Сондай-ақ, дене бітімі де өзі құралпы балалардан кішірек болып, ой-өрісі де кеш дамиды. Бұдан бөлек көзі қыли болып туылып, бет-жүзі де нұрсыз болуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткен зардаптарды тартқысы келмесе ананың қазірден бастап ойланғаны абзал.