«New Media – қазақ тіліндегі оқулар» − Қазақстан Республикасының журналистеріне, соның ішінде, телевизия, радио, баспа, интернет саласындағы журналистерге және жаңа медиа өкілдеріне арналған ауқымды digital онлайн оқытуға арналған ерекше жоба.
Deutsche Welle – Неміс толқыны. Көлік кептелісінің имитациясын жасау үшін суретші 99 мобил телефонды балалардың арбасына салып алып, Берлиннің Фридрихсхайн, Кройцберг аудандарын кезіп жүрген. Нәтижесінде Google Maps қосулы телефондарды автомобиль ретінде тіркеп, суретші жүрген көшелерді картада кептеліс бар деп көрсеткен. Сол күні көшелер әдеттегіден ашық болса да, көліктер осы мәліметке алданып, айналып өтіп отырған.