$7 миллиондық сәби
Хатшы Грейс Гронер Abbott Laboratories-тің үш акциясымен қалай байыды
Әлемдегі ең атақты инвесторлардың бірі Уоррен Баффеттің әйгілі сөз тіркесі - our favorite holding period is forever , яғни аудармасы: инвестиция жасаудың ең жақсы мерзімі — мәңгілікке инвестиция жасау.
Аңызға айналған қаржыгердің есімі ойға ұзақ мерзімді салымдар туралы сөз болған кезде алғашқылардың бірі болып түседі. Алайда, бүгінде біз бұл мысалды Омахадан шыққан сәуегейден бұрын жеке тәжірибесімен бұл қағиданың дұрыстығын дәлелдеген адамға арнағымыз келеді.
Сатып ал да, ұстап отыр
1935 жылы хатшы болып істейтін Грейс Гронер бүгінде Abbott Laboratories (ABT) атауымен танылып жүрген америкалық компанияның үш акциясын $180 сатып алды. Бұл сома сол кездері бір орташа айлыққа тең болатын.
Грейс өз өмірінің соңына дейін сатып алған қағаздарды сатпады, олардан алынған дивидендтерді 43 жыл жұмыс істеген компанияның қосымша акцияларын сатып алуға қайта инвестициялады. Бастапқы $180-нің $7 млн-ға дейін өседі деп кім ойлаған?
Алайда Гронер ханым Уоррен Баффетке тек инвестициялаудың ұзақ көкжиегімен ғана ұқсамайды. Оны білетін адамдар Грейстің мол байлықтың иесі үшін тым қарапайым өмір салтын сүргенін айтады. Ол киімдерді жаппай сатылымдардан сатып алды, оның көлігі болмаған, үйінің интерьері тақуалықпен ерекшеленді. Осы ретте әйел көп саяхаттап, Лейк-Форесттің кедей тұрғындарына жасырын сыйлықтармен көмектесті әрі оған қоса көзі тірісінде өзі оқыған колледжде стипендиялық бағдарлама жасауға $180 мыңды сыйға тартты және өз дәулетін колледжге мұра етіп қалдырды.
Дивиденд королі
Abbott Laboratories-ті соңғы онжылдықтардағы ең табысты компаниялардың бірі деп атауға болады. 2021 жылдың соңында ол қатарынан елуінші жыл акционерлерге төлемдерді арттырғандықтан дивиденд корольдерінің тізіміне енді. Фармацевтика алыбының негізі ертеректе 1888 жылы қаланды. Ол тұста компания негізінен анальгетиктерді шығарумен және сатумен айналысатын, ал бүгінде оның кең өндірістік желісі өзіне тағам өнімдерін, фармацевтикалық препараттарды, диагностикалау құралдары мен медициналық құрылғыларды қамтиды. Дивидендтерді қайта инвестициялау мен компанияның сәтті таңдауы Грейске S&P 500 индексін 75 жылдық аралықта елеулі түрде басып озуына жәрдемдесті. Егер де баяғы 1935 жылы Гронер шексіз нарық индексіне $180 салса, қазір бұл қаражат шамамен $23 мыңға айналар еді.
Сәттілік пе, әлде заңдылық па?
Гронердің инвестициялық саясатын іс-әрекетке басшылық деп қабылдауға бола ма? Көптеген инвесторлар Грейстің салымдарының сәтті болуы — бұл жай ғана орайы келген нәрсе деп болжамдай алар еді. Сонымен бірге біз сәтті нәтиженің айқын, бірақ оның сәтті қайталану ықтималдығы белгісіз болған кезде таңдаудың ығысуының (тірі қалған адамның қателігі деп аталатын) куәсі екенімізді жоққа шығаруға болмайды.
Бұл солай ма? Бір жағынан, әлбетте, әртараптандырудың жоқтығынан айтарлықтай қауіп бар екенін көрсеткен маңызды. Барлық бос қаражаттар тек бір активке салынған. Басқа жағынан, бизнес моделі күшті әрі корпоративтік басқару стандарттары жоғары компанияларға ден қою, сондай-ақ ештеңеге қарамастан өз жоспарына бейілділік бұл әйелге әсерлі қаржы нәтижесін қамтамасыз етті. Дәл осы соңғы себеп Грейс Гронерді аңызға айналған инвесторлармен бір қатарға қоюға мүмкіндік беретіні анық. Тәртіп, өз стратегиясына деген сенім және ұзақ мерзімді инвестициялау көкжиегі қаржылық бақуаттылықтың кепіліне айналуы мүмкін.