Freedom Finance Global
@freedom_finance
Freedom Finance Global — брокер с многолетним опытом работы на международных финансовых рынках. Предоставляет прямой доступ к иностранным бумагам
281 posts
Pinned

Финансист №3 (39) 2025

Выпуск о криптовалютах, их разновидностях и месте в современной финансовой системе. Интервью с Глебом Костаревым

Хроника

2025 жылғы 1 сәуір – 30 маусым кезеңінде холдингтің кірісі 17% -ға өсіп, $533,4 млн. құрады. Кезең соңындағы таза пайда – $30,4 млн. құрады.

«Криптаға тыйым салмау керек»

Бұл шамамен 2014 жыл болатын, мен РБК-да криптовалюта туралы жазатын алғашқы журналистердің бірі болдым. Сол кезде алғашқы биткоинды $800-ге сатып алдым. Ernst&Young-дағы үш жылдық маркетингтен кейін мен тәуекелге бел буып, Waves блокчейн стартапына қосылдым, онда пиардың жауапты маманы болдым. Содан кейін Binance компаниясына келдім.

Ақылды инвестициялар

Апсайд және баға белгілеулер 25 тамызға ұсынылды

Криптаны көздей отырып

Ресейде майнинг туралы заңды енгізді, бірақ ол шикілеу болып тұр. Криптаны құруға рұқсат берілген сияқты, бірақ іс жүзінде көптеген проблемалық факторлар бар. Кейбір аймақтарда энергия тапшылығына байланысты майнинг жасауға тыйым салды, бірақ шынын айтқанда түрлі баламаларды ұсынатын пысықтар да табылып жатыр.

Құрғақ қасық ауыз жыртар

Мемкоин құбылыс ретінде классикалық қор нарығының ешқандай құралымен салыстыруға келмейді. Бұл жағдайда құндылық шынайы активтермен емес, интернет-мәдениетпен жасалады ғой. «Мемшілдіктің» басты күші орасан сомалардың жылдам айналымын іске қосу және қамтамасыз ету қабілетінде.

Майнинг экологиясы

Криптоактивтерді өндіру индустриясы жылдан жылға жахандық электроэнергетикасына елеулі сын-қатер туғызады. 2025 жылдың мамырында тек қана биткоин желісі әлемдік мыс өндірісі қажеттіліктерімен салыстырмалы көлемде электр энергиясын пайдаланды. Мұндай «қомағайлық» энергетикалық тұрақтылық үшін қауіп төндіреді және қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер етеді. Осыған байланысты реттеуші шара ретінде монеталарды өндіруге шектеулер енгізілуі мүмкін, бұл инвесторларды алаңдатады.

«Майнерлерге пайдаланушылардың қаржысын жымқыру тиімді емес»

Мектепте мен World of Warcraft-та бот арқылы ақша табатынмын. Ойын ішіндегі валютаны WebMoney үшін сатып, «Таулинк» арқылы қолма-қол ақшаға айналдыратынмын. Бірақ боттарды пайдаланғаны үшін менің аккаунтымды бұғаттап тастауы мүмкін еді. 2011 жылы биткоинның ешкім ешқашан тартып ала алмайтындығы қызықтыра бастады. 2013 жылы мен LocalBitcoins (P2P-алаң) аккаунтын құрдым және Қазақстандағы алғашқы криптовалюта сатушылардың бірі болдым. Кейіннен сауда жүйелерін әзірлеумен және майнингпен айналыса бастадым.

Цифрлық заң

Үкіметтер мен реттеуші органдар тарапынан криптовалюталарға деген қызығушылықтың артуы ең алдымен олардың қарқынды өсуінен туындады. Бұл нарықты капиталдандыру 2020 жылдан бастап бес жарым еседен астам ұлғайды. 2025 жылдың ортасына $760 млрд-тан $3,4 трлн-ға дейін артты.