January 23, 2023

Freedom Holding Corp. немен тыныстауда

Басты оқиғалар дайджесті

Freedom Holding Corp. 2023 ҚЖ ІІ тоқсанында $27,2 млн таза пайда тапты

Холдингтің түсімі $27,2 млн таза пайдадан $180 млн, немесе қағазға $0,45 құрады. Өзге жиынтық табыс $9,4 млн-ға жетті. Активтер мен міндеттемелер тиісінше $4,8 млн-ға және $4,2 млн-ға ұлғайды. Холдингте 310 мың клиент шоты ашылды.


Джон Роджерс Freedom Capital Markets тобына қосылды

Жаңа топ-менеджер Freedom Capital Markets-тің атқарушы вице-президенті әрі басқарушылық және инвестициялық комитеттерінің мүшесі қызметіне кірісті. Бұрын қаржыгер Citibank-тің талдау департаментін басқарған. Джон Freedom Holding Corp-ның АҚШ-та болуын күшейтумен және америкалық нарықтың талдамалық қамтылуының кеңеюімен жұмыстанатын болады.


Freedom Finance Europe EuroCCP-ке тікелей мүшелікке ие болды

Жаңа мәртебе компания клиенттеріне сауда-саттықтар көлемі жағынан ірі жалпыеуропалық қор биржасы - Europe Cboe-ке, сонымен бірге өңірдің басқа алаңдарына тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Freedom Finance Europe сондай-ақ есеп айырысулар мен клиенттік өтінімдерді тікелей Euroclear депозитарийінде жүргізуге және орындауға мүмкіндік алды.


Freedom Finance Europe Афинада кеңсе ашты

Компанияның Грециядағы бірінші бөлімшесі 2022 жылғы қарашада жұмысын бастады. Бұл сәтке қарай грек клиенттері 23 мыңнан астам инвестициялық шоттар ашып, Freedom24 онлайн-платформасы арқылы 150 мыңға жуық транзакция жүргізген.


Тимур Турлов Лимасолдағы Бірінші жыл сайынғы қаржы форумында сөз сөйледі

24 қарашада Кипрде 300 қаржыгер мен инвестициялық талдаушының басын қосқан іс-шара жаһанданусыз және цифрландыру дәуірінде капитал нарықтарының дамуына арналды. Форумда сөз сөйлеген Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Freedom экожүйесінің Қазақстанда жылдам кеңейіп жатқанын айтып, инновациялық қаржы технологияларының дамуы әсіресе тұрақсыздық пен жаһандық инфляциялық қысым жағдайында маңызды екенін атап өтті.


Freedom Қазақстандағы әлеуметке бағдарланған объектілердің құрылысын қаржыландырады

Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен келісім бойынша компания мүгедектерге арналған спорт кешенінің және ботаника бағының құрылысына 1,9 млрд теңге ($4,1 млн) бағыттайды. Бақ Оралдың көркем және экологиялық таза ауданында
13 га аумақта орналасатын болады. Заманауи спорт кешені волейболмен, баскетболмен, шағын футболмен, күреспен және спорттың басқа түрлерімен шұғылдануға қажетті барлық жабдықтармен жарақталатын болады. Маңғыстау облысында тұщы судың тапшылығы проблемасын шешу үшін Freedom Holding Corp. сорғы станциясы мен су құбырының құрылысына 2,12 млрд теңге ($4,6 млн) бөледі. Осы су құбыры арқылы Ақтау қаласы мен іргелес ауылдардың 230 тұрғынына сапалы ауыз су берілетін болады.


Freedom Broker UzAutoMotors-қа орналастырудың андеррайтері болып танылды

Желтоқсанның аяғында биржаға Өзбекстанның ірі автоөндірушісі UzAuto Motors шықты. Орналастыру андеррайтері Freedom Broker болады. UzAuto Motors Өзбекстан мен Қазақстан автомобиль нарығының тиісінше 90% және 30% иеленеді. IPO-ның бағасы — қағаз үшін 72,5 мың сум ($6,5). Freedom Finance талдаушылары UzAuto Motors акциялары 25%, 90,6 мың сумға ($8) дейін өседі деп болжамдайды.


Freedom Bank Kazakhstan қарашада цифрлық қарыздар беру рекордын жаңартты

Цифрлық автокредиттеу сегментінде бір айдың ішінде 4 млрд теңгеге 589 қарыз (+16% м/м) берілді. Цифрлық ипотека секторында банк нарықтағы үлесін 1%-ке, 64% дейін ұлғайтты. Қарашада 36,3 млрд теңгеге 1982 кредит берілді.


Freedom Broker «ҚазМұнайГаз» ҰК-ын IPO-ға шығарды

Желтоқсанның басында қазақстандық шикізат секторы үшін зор стратегиялық маңызы бар тік интеграцияланған «ҚазМұнайГаз» мұнай газ компаниясы акцияларды бастапқы орналастыруды жүргізді. Freedom Broker андеррайтер болып танылды. Орналастыру сәтінде бизнес шамамен $11 млрд-қа, немесе бір қағаз үшін 8406 теңгеге бағаланды. IPO көлемі 30,5 млн жай акциядан асты. «ҚазМұнайГаз» қағазы үшін біздің таргетіміз — 12 800 теңге. Акциялар СПБ Биржасында, сонымен бірге Қазақстан және Астана қор алаңдарында сатып алуға қолжетімді.