Freedom Holding Corp. тоқсандық кірісі $580 млн-нан асты
Негізгі оқиғалар дайджесті
Freedom Holding Corp. түсімі 2025 фискалдық жылдың II тоқсанында (2024 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін) $580,9 млн (+ 33% ж/ж) жетті. Таза пайда $114,5 млн құрады, бір акцияға шаққандағы пайда — $1,93. Холдингтің активтері $8,8 млрд (+ 6%) дейін өсті.
- Банк сегментінің кірісі $201,5 млн құрады, Freedom Bank Kazakhstan клиенттік базасы 1,2 млн-ға дейін кеңейді
- Брокерлік бизнес $174,8 млн кіріс әкелді, клиенттік шоттар саны 555 мыңға дейін өсті
- Сақтандыру бизнесінің кірісі (Freedom Life және Freedom Insurance) 121%-ға өсіп, $178,2 млн-ға жетті, ал клиенттер саны 846 мыңға жетті (+ 58%).
Басқа сегменттер холдингке $26,4 млн табыс әкелді (+ 56%).
S&P Global Ratings Freedom Insurance рейтингін жақсартты
Халықаралық рейтингтік агенттік Freedom Finance Insurance компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен BB- дейін көтерді. S&P сондай-ақ компанияның тәуекелдерді басқару стратегиясын және оның нарықтағы өзгерістерге бейімделу қабілетін оң бағалады.
Tradernet.Global қосымшасының атауы Freedom Broker-ге ауысты
Мобильдік сауда-саттық платформасының функционалы мен дизайны бұрынғыша қалып отыр. Бағдарламаға кіру үшін тіркелгі деректері өзгермейді. Қайта атау клиенттік шоттарды қозғамайды, жұмыс штаттық режимде жалғасуда. Өзгерістің мақсаты — Freedom экожүйесі өнімдерінің бірлігін көрсету. Freedom Broker App Store, Google Play және Huawei App Gallery-ден жүктеуге болады.
Freedom Finance Global долларлық облигацияларын орналастырды
Орналастыру Astana International Exchange (AIX) биржасында FFSPC2.0926 тикері аясында өтті. Қағаздарды өтеу мерзімі — 2026 жылғы қыркүйек, бірақ оларды кез келген уақытта сатуға болады. Бір облигацияның номиналы — $100, өтеуге кірістілігі —жылдық 10%, тоқсан сайынғы купон — 10,5%. Эмиссияның жалпы көлемі — $200 млн. Бұл компанияның екінші шығарылымы: біріншісі - кірістілігі 12%, 2025 жылдың желтоқсанында өтеу жоспарланып отыр.
Қазақстан мен Freedom табиғатты қорғау үшін күштерін жұмылдыруда
Freedom Holding Corp. Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігімен елдің табиғи байлықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы келісім жасасты. Сондай-ақ холдинг Open Forest AG-мен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Арал теңізінің экожүйесін жаңғыртуға және көміртегі бірліктерін сертификаттауға бағытталған климаттық жобаларға инвестиция салуға ниетті.
Freedom24 үшінші жыл Германияда клиенттерге қызмет көрсету сапасы бойынша көшбасшы болып қалуда
Freedom24 брендімен жұмыс істейтін Freedom тобының еуропалық бөлімшесі немістің Die Welt күнделікті газетінің «Service Champion» («Қызмет көрсету чемпионы») алтын медалімен тағы да марапатталды, бұл Германиядағы ең үздік финтехқызмет көрсетуші мәртебесін тағы да растады. Freedom24 сондай-ақ Digital Finance Experts рейтингінде бірінші орында тұр, қызмет көрсетудің жоғары сапасы үшін бірнеше рет марапатталған және Италиядағы «Клиенттерге арналған үздік сервис» сыйлығының лауреаты болып табылады.
Freedom Holding Corp. 16 жылдығын атап өтті
13 қарашада Freedom тобы өзінің 16 жылдығын атап өтті. Компания құрылған кезде шағын брокерден ол NASDAQ листингі бар халықаралық холдингке айналды, оның Қазақстанда жеке экожүйесі және әлемнің 22 елінде өкілдіктер желісі бар.
Freedom валютасының рекордтық кірістілігі
Freedom Holding Corp. меншікті инвестициялық валютасының бағамы $0,018 жетті, ол 2024 жылғы мамырда іске қосылғаннан бері 60% -дан астам өсімді көрсетті. Бұл холдинг акцияларына байланыстырылған бірегей қаржы құралы, оның құны олардың бағасының динамикасына байланысты өзгереді. Freedom валютасын кешбэк арқылы Freedom Bank карталары бойынша сатып алу кезінде алуға болады. Белсендіру үшін валютаны карталардың біріне байланыстыру жеткілікті. Оның көмегімен тауарлар мен қызметтерді төлеуге, шоттар арасында және басқа валюталарға қаражат аударуға болады.
Freedom Holding FIDE шахмат бойынша әлем чемпионатын қолдайды
Холдинг 26-31 желтоқсанда Нью-Йоркте, Уолл-стрит 55 ғимаратында өтетін FIDE 2024 рапид және блиц-шахматтан әлем біріншілігінің титулдық демеушісі болады. АҚШ-та бұл жарыс алғаш рет өткізіліп отыр. Турнирге әлемнің үздік шахматшылары, соның ішінде Магнус Карлсен, Алиреза Фируджа, Ян Непомнящий, Александра Костенюк және халықаралық арена жұлдыздары қатысады.
Чемпионат аясында Wall Street Gambit конференциясы өтеді. Іс-шара тәжірибе алмасу үшін бірегей алаңға айналады.