October 18

«Өтіріктен құралған бедел жақсы идея емес» 

Британдық психотерапевт және жазушы Филиппа Перри қаржылық мінез-құлық сабақтары мен ата-аналарға арналған басты сабақтар туралы

Ата-ана болудағы ең күрделі нәрсе деп нені айтар едіңіз?

Ата-ана болудағы ең қиын нәрсе — сізді махаббат пен түсінушілік басқара ма, әлде сіздің невроздарыңыз басқара ма соны түсіну. Соңғысын байқау оңай емес, өйткені олар отбасынан берілуі, қоғамдық күтулерден туындауы немесе мәдениетке тамыр жаюы мүмкін - және оларды адам табиғатынан ажырату қиын.

Ал егер ата-аналарға бір негізгі кеңес беру керек болса, ол қандай болу керек?

Ең маңызды кеңес — балаңызбен қарым-қатынасыңызды сақтаңыз. Ата-ана мен баланың арасында мықты байланыс болу керек. Билік пен ықпалды балаға пайдаланудың қажеті жоқ. Егер сіз мәселе балаңызда деп ойласаңыз, онымен қарым-қатынасыңызға назар аударыңыз — дәл сол жерде жауап табасыз. Ата-ана деген баланың қорқып немесе оған өтірік айтатын (барлық балалар кейде өтірік айтады) емес, баланың ең сенімді адамы болуы тиіс. Егер сізді сенімді, қауіпсіз адам ретінде білсе, бала сізге сенеді.

Өз жұмыстарыңызда балалардың дамуы туралы айта отырып, сіз икемділіктің маңыздылығын атап өтесіз. Баланы икемді болуға қалай үйретуге болады?

Егер сіз қатал болсаңыз, балаңыз да осыны үйренеді және керісінше. Қатаңдылық дегеніміз, сіздің бұрын қалыптасқан ережелермен өмір сүруіңіз, ал икемділік дегеніміз — дәл қазіргі жағдайға ден қою қабілеті. Мен ережелерден бас тартуға шақырып отырған жоқпын! Бұл тәртіпсіздікке әкеледі. Бірақ, мысалы, егер ата-ана өміріндегі келеңсіз тәжірибелерден адамдарға деген сенімін жоғалтқан болса, ол балаға дәл сол сәтте адамдарға жағдайға байланысты қарым-қатынас құру керек деп үйретудің орнына, «Ешкімге сенуге болмайды» деген қатаң да күрделі ережені балаға үйретуі мүмкін.

* Қатаңдық - бұл жаңа жағдайларға бейімделе алмау, ымыраға келу немесе өз көзқарастары мен сенімдері жүйесін өзгерте алмау

Сіз ата-аналарға өздерінің қателіктерін мойындау маңыздылығы туралы жиі айтасыз. Бұл ата-ананың беделіне нұқсан келтірмей ме?

Бәріміз де адам болған соң қателесеміз. Баланыкі дұрыс деп те қателесуіміз мүмкін. Кейде өзіміздікі дұрыс деп, баланың қорғаныш қабілетін қалыптастыратын оның инстинкті дамуына кедергі келтіреміз. Біз ересектер, «Менікі дұрыс емес» деп айтуды үйренгенде, баланы қателесу қалыпты жағдай екендігіне, қателіктер ұятты жағдай емес екендігіне үйретеміз. Біз балаға шындықты айтуымыз қажет. Өтіріктен құралған бедел – жалған бедел.

Балаларды қаржылық сауаттылыққа қашан және қалай үйрету керек?

Біза қандай да бір қаржылық білім алмастан бұрын, ата -анамыздың ақшаға деген қарым-қатынасын өзімізге сіңіріп өсеміз. Егер өзіңіз қаржыны үнемдей білмейтін адам бола тұра, балаңызға үнемді болуды үйретуге тырыссаңыз, ол бәрібір сіздің ақалыңызды тыңдамайды, сіздің жасағаныңызды қайталайды.

Олардың ақшаға қатысты өз пікірлері бар әрі олар «тұқым қуалайтын» қасиеті бар. Ата-анам маған үнемі: «Ақшаңды құртпа, тек қана оның пайызын жұмса, қалған кіріс бөлігін жинақтап отыр», - деп айтатын. Меніңше, олар осыны ана сүтімен берді! Бүгінгі таңда мен олардың ережесін бұзу үшін, сол ескі қағидаттардан аттап өту үшін, көптеген күш жұмсауға тура келеді. Ақшаны бірден жұмсап жіберетін де отбасылар бар.

Балалар ата-аналардың ұстанымдарын сіңіріп өседі. Бала үшін өмірдің барлық саласында жасалатын ең жақсы нәрсе - оған үлгі болу.

Сіз ата-аналарға балаларыңызбен «фактілер теннисін» ойнамауға, өз эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізге жүгінуге кеңес бересіз. Бұл қаржы саласында қолданыла ма?

Сезіміңді білдіре білу, оларды ойдан құрастырылған фактілермен жасырмау — эмоционалдық интеллектіге тәрбиелеу деген сөз. Осыны қаржылық кеңістікте қарастырып көрейік. Айталық, балаңыздың бар ақшасын жұмсап, ешнәрсе жинақтамайтынын байқадыңыз делік. Бәлкім, сіз олай жасағанын қаламайтын боларсыз. Ондай жағдайда оған айтыңыз: «Мені сенің ақшаңды жинамайтының алаңдатады. Егер күтпеген жағдай туындаса, сен ол жағдайда не істемексің»,- деп. Балаға «Сен барлық ақшаны жұмсамауға тиіссің, өйткені бұл ақылға сыймайтын нәрсе»- дегенге қарағанда, бұндай сөзді есту және назарын аудару оңай.