Жаңа әлемді тану
20 жылдан астам уақыт бұрын экономист Джим О’Нил талдамалық жазбасында БРИК аббревиатурасын алғаш рет қолданған. Оның Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай экономикалары уақыт өте келе әлемдік өсудің локомотивіне айналады деген болжамы көріпкелдік болып шықты.
Сонымен, Қытай сарапшылардың үмітін толығымен ақтады және бірнеше онжылдықта АҚШ- пен біріккен Еуропаның басты экономикалық және саяси бәсекелесіне айналды. Әлемдегі ең көп қоныстанған ел Үндістаннан да осындай әсерлі серпіліс күтілуде. Алайда, Emerging Markets* - тің басқа өкілдері де керемет жетістіктерге қол жеткізе алады. "Қаржыгердің" жаңа нөмірі дамушы нарықтар мен инвесторлар алдында ашылатын мүмкіндіктерге арналған.
*Дамушы нарықтар (ағыл.)
Біз Қытай, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Африка, Араб Әмірліктері және ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоғары басқа да елдердің экономикаларын қарастырдық, сондай-ақ қандай ашық компаниялардың одан ақша табатынын анықтадық. Елдегі антиковидтік шектеулер жойылғаннан кейін Қытайдың болашағына ерекше назар аударылды және оның алдындағы ұзақ мерзімді сын-қатерлерді атап өтті, олардың Аспан асты елі активтерінің инвестициялық тартымдылығына әсер ету дәрежесін бағалады.
Қазақстан экономикасының, оның банк жүйесі мен қор нарығының әлеуеті де нөмірдің негізгі тақырыптарының қатарында. "Қаржыгердің" беттерінен сіз елдегі ең ірі биржа Қазақстан қор биржасының басшысымен және жақын арада жұмысын бастайын деп отырған және инвесторларға Азия, АҚШ және Еуропаның шетелдік бағалы қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ITS жаңа сауда-саттық алаңының бас директорымен сұхбатты таба аласыз. Нөмірдің жұлдызы танымал радио және тележүргізуші Тутта Ларсен болды, ол жұмыс пен отбасылық өмірді қалай үйлесімді алып жүрегендігі туралы әңгімеледі. Ықыласпен оқып, сәтті инвестиция жасаңыздар!