Сұрақ: «Неліктен Ислам халифаты Нәбидің Әл-і Бәйтінде, яғни, ұрпағында жалғаспады? Әйтсе де ең лайығы да дұрысы солар еді ғой?»
Жауабы: Дүниенің сән-салтанаты алдамшы. Әл-і Бәйт болса Құранның үкімдері мен Исламның ақиқаттарын сақтауға міндетті тұқым. Халифа болып салтанат құрғандар мен билік жүргізетіндер Нәби сияқты бейкүнә болуы керек немесе Хулефа-и Рашидин немесе Омар ибн Абдулазиз-і Әмәуи немесе Мәhди-и Аббаси сияқты жүрегі әрдайым «Аллаh» деп соғатын ғажайып тақуа болуы шарт. Өйткені, Мысырда Әл-і Бәйт атынан құрылған Фатимия халифаты, Африкада Муаhhидин үкіметі және Иранда Сафәуилер мемлекеті құрылғаны мәлім.
Ақырында сәтсіздікке ұшырап дүниенің салатанаты Әл-і Бәйтке жақпайтынын көрсетті. Басты мақсаты билік болған соң Исламға қызмет қылып, дінді жаю бәсеңсіп, ұмыт қалып жатады. Ал, салтанаттан бас тартып биліктен қол үзген кезде, Исламға, Құранға өте берекелі де жарқын, керемет ықыласпен түрде қызмет еткен.
Иә, тарихқа үңілсек, Хазреті Хасанның ұрпағынан тараған қутубтар* әсіресе Ақтаб-ы Әрба, яғни, төрт имам, атап айтқанда Ғаус-ы Ағзам Шәйх Абдулқадир Гәйлани және Хазреті Хусейіннің ұрпағынан тараған Имамдар, оның ішінде айрықша Зейн-ел Абидин мен Жағфар-ы Садық. Олардың әрқайсысы мағынауи Мәhди секілді өз заманының рухани тоқырауын, надандықтың қою қараңғылығын жойып, айналасына Иманның, Құранның ақиқаттарын, нұрларын жайғанын көреміз. Әрбірі ұлы аталарының ізбасары екендігін іс жүзінде дәлелдеп көрсете білді.