Ұстаздан жауап
@imanisaual
«Бұл жерде барлық сұрақтарға жауап беріледі. Бірақ ешқандай сұрақ қойылмайды»- @Ұстаз
34 posts

Бұл зілзаланы қателіктердің жазасы яғни күнәдан арылу "кәффарат‑уз зунуб"дедіңіз.                Ал, бейкүнә, қате істемегендердің не жазығы бар? Олар да пәлекетке ұшырады емес пе? Аллаhтың әділдігі мұндайға неге рұқсат береді?

Мұның мағынауи жақтан келген жауабы: Бұл мәселе тағдырға қатысты болғандықтан, оны тағдыр туралы жазылған Жиырма Алтыншы Сөзге сілтеп, қазір қысқаша былай деп айтылды:

Сұрақ: «Неліктен Ислам халифаты Нәбидің Әл-і Бәйтінде, яғни, ұрпағында жалғаспады? Әйтсе де ең лайығы да дұрысы солар еді ғой?»

Жауабы: Дүниенің сән-салтанаты алдамшы. Әл-і Бәйт болса Құранның үкімдері мен Исламның ақиқаттарын сақтауға міндетті тұқым. Халифа болып салтанат құрғандар мен билік жүргізетіндер Нәби сияқты бейкүнә болуы керек немесе Хулефа-и Рашидин немесе Омар ибн Абдулазиз-і Әмәуи немесе Мәhди-и Аббаси сияқты жүрегі әрдайым «Аллаh» деп соғатын ғажайып тақуа болуы шарт. Өйткені, Мысырда Әл-і Бәйт атынан құрылған Фатимия халифаты, Африкада Муаhhидин үкіметі және Иранда Сафәуилер мемлекеті құрылғаны мәлім.

«Тағдыр біздің қол аяғымызды осылай байлап тастаған. Еркімізді қолымыздан алып қойған. Әрқашан ашылып, жадырауға құштар, бір жерде, бір қалыпта тұра алмайтын жүрек пен рухымызға тағдырға иман ауырлық туғызып, қиындық бермей ме екен?» десең

Жауабы: Әсте олай емес! Қиындық бермек түгілі керісінше керемет жеңілдік беріп, көңілдің хоштығын сыйлайды. Және жанды рахатқа бөлейтін, көңілді шаттандыратын шаттық сыйлап, сенімділік пен қуанышқа толы нұрға бөлейді. Өйткені адам, тағдырға сенбесе тар шеңберге қамалып, болар-болмас егемендік пен уақытша еркіндікке ие болғанымен дүниедей ауыр жүкті мойнына асынып, арқалауға мәжбүр болады. Себебі, адам баласы бүкіл әлеммен тығыз байланыста. Оның шексіз армандары мен толассыз мақсаттары, талап-тілектері бар. Бірақ күш-құдіреті, қалау- еркі олардың миллионнан біреуіне жетпегендіктен тартқан рухани азабы қаншалықты қорқынышты екенін айтпай-ақ түсінікті. Ал, тағдырға иман...

Өмір сүру мақсаты,мәнісі,түрі, міндеті, хикмет-сыры

Өмip сүpудегi мақсат қысқаша тоғыз баптан тұpады: Бipiншiсi: Бойыңдағы беpiлген сезiмдеpдi таpазы жасап Аллаhтың мейipiм қазынасындағы нығметтеpдi таpазылау, әpi шүкip ету. Екiншiсi: Бойыңдағы асыл қасиеттерді құpал қылып Иләhи көркем есiмдеpдiң құпия қазыналаpын әлгі кілтпен ашып, сол есiмдеp аpқылы Зат­ы Ақдес, пәк Аллаhты тану. Үшiншiсi: Иләhи есім­сипаттардың айнасы болып, Оның таңғажайып өнеpiн бағалап әpi түсiне өмip сүpу аpқылы мына көpме тәpiздi дүниеде олаpды жаpатылыстың назаpына ұсыну, жақсылап көpсету. Төpтiншiсi: Аллаhтың Рубубиетінде яғни билiк алаңында өзiнiң құл екенін халі мен де тілімен де жаp салу, көпшілікке ұсыну. Бесiншiсi: Мысалға бip жауынгеp патша сыйлаған түpлi­түpлi оpден...

Саидтың қасында басқа кітаптар жоқ таба алмайсың. Демек басқа кітаптарды менсінбейді. Тіпті имам Газалиды да (р.һ) ұнатпайтын болғаны ғой, оның да кітаптарын алдырмайды!»

Бұған біздің жауабымыз: Астағфируллаһ, Құдай сақтасын! Рисалей-Нұр және оның шәкірттері Худжат-ул Ислам Имам Газалиды, сондай-ақ, мені Хазреті Алимен байланыстырып тұрған жалғыз ұстазды менсінбеу емес тіпті бар күшімізбен олардың ұстанған сара жолын кәпірлердің шабуылынан сақтап, құтқаруға тырысып жүрміз. Алайда, олардың кезеңінде иман шарттарына мұндай сұмдық қауіпті шабуыл жоқ болатын. Әрі сол кездегі ақиқатшыл ғалым-ғұламалардың, мұджтахидтердің өз заманына сай діни ілімдерін үйреніп, онымен қарулану біраз уақытты алады әрі мына заманның дұшпандарын бірден жеңе алмайтындықтан Рисалей-Нұр, мұғжизаға толы Қасиетті Құраннан тез қолға түсетін әрі тиімді әрі дін дұшпанын жер жастандыратын іліммен қаруландыратындықтан әлгі мүбарак, қасиеті...

Егер де Аллаһ Тағала біздің жаннатқа немесе тозаққа кіретінімізді білсе онда неге бізді жаратты?

Жауабы: Хикметі Адамға белгілі бір міндет, уәзипа жүктелгендігінде. Адамға жауапкершілігі мол ерекше міндет жүктеліп, арнайы қызметпен жер бетіне жіберілген. Адамзаттың бүкіл рухани кемелденуі мен қабілеттерінің түгелдей ашылуы, көрініс табуы, адам болмысының мәнісі, Иләһи көркем есімдерге толық айна болуы, сол уазипа, сол міндетке тікелей байланысты, соның нәтижесі. Егер Адам Ата Жәннаттан шықпай мәңгі қалған болса, онда Ол періште секілді бір қалыпты күй кешіп, адамның зор қабілеттері ашылмай қалар еді. Ал, үнемі тұрақты жағдайдағы періштелер көп, ондай құлшылық үшін адамға қажеттілік жоқ.

“Неліктен Хазіреті Иса Ғ.С басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді, ал басқа пайғамбарлардың сүйіншілеуі аз. Олар тек хабар берген”.

Жауабы: Өйткені Ахмед Ғалейhиссалату Уәссәләм, Иса Ғалейhиссәләмды яһудилердің опасыз түрде өтірікке шығаруынан, аяусыз жала жабуынан және дінін әбден бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Ғалейhиссаламды танымайтын Исрайл қауымының ұстануға өте ауыр шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын ұлы шариғат әкелді. Міне сондықтан Иса ғаләйһиссалам қайта-қайта “Әлемнің басшысы келе жатыр!” деп сүйіншілеген. Тәурат, Інжіл, Забурда және кейбір пайғамбарға қатысты түскен парақтарда зор мән беріліп, ең соңынан келетін пайғамбардан көптеген әңгімелер мен аяттар бар. Бір неше үлгісін көрсеттік. Сондай-ақ, әлгі кітаптарда...

Өте қырсық діннен безген кәпірдің өзін үнін өшіріп, көзін жеткізуге осы кітаптардың жүзден бірі жеткілікті бола тұра мұнша қызу, үсті-үстіне, жаңадан бұрқыратып жаза берудің хикметі не екен?

Оған жауап ретінде былай деді: Рисалей-Нұр тек қана, қирап қалған шағын бір жерді, бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, күлли яғни ауқымды түрде қираған, бұзылғалы тұрған және Дін Исламды қамтитын, тастары таудан үлкен заңғар алып бір қорғанға жөндеу жүргізіп жатыр. Ол жеке адамның қалбын (жүрек), баз біреулердің ниетін, ар-ожданын ғана ретке келтіріп, тазартып жатқан жоқ. Ол,мың жылдан бері небір соққыдан ауыр жарақат алған жалпының қалбын, көпшіліктің ой – пікірін көзқарасын және баршаның әсіресе мүмін ауам халықтың әрқашан арқа сүйер тірегі Ислами негіздер, діни қағидалар бұзылып, соның салдарынан күңгірттене бастаған жалпы халықтың ар-ожданын Қасиетті Құранның, киелі Иманның...

«Осы Алман өкіметінің жеңілісімен тынған соғыста Османлы мемлекетінің жеңіліске ұшырауының хикметі сыры неде?»

Жауап ретінде Ескі Саид былай деген еді: Егер біз жеңгенімізде мәдениет деп діни құндылықтарымыздан бас тартар едік. Жеті жылдан кейін солай болды. Мәдениет дегенді желеу етіп Ислам әлеміне әсіресе Мекке, Мәдинә секілді қасиетті жерлерге Анадолуға жасалғанындай режим, орнап батыстық мәдениет жаулап мәжбүрлі, түрде бәріне ортақ жаппай жүзеге асырылар еді. Аллаһтың рахымымен ол жерлерді аман сақтау үшін тағдыр біздің жеңілуімізге пәтуа берді. Дәл осы жауаптан жиырма жыл өткен соң тағы бір түні маған былай деп сауал қойылды: «Бейтарап қалғанда, айырылып қалған иелігін кері қайтарып алатын еді әрі Мысыр мен Үндістанды да құтқарып одақтас табар еді. Осындай әлемдік саясатта...

Кейбір діндар кісілердің дүнияға жақын әйелдерінің кесірінен мазасы қашып, қиналуының себебі неліктен? Бұл аймақта осыған ұқсас оқиғалар көп-ақ.

Келген жауап былай еді: Діндар кісілер діни құндылықтардың қатаң талаптарын толық сақтамай «әйел еркіндігі» деген ұғым жайлаған мына заманда, сондай емін еркін жүріп-тұратын әйелмен неке қиып, соның кесірінен дүнияға белшеден батуы үлкен қателік болғандықтан дәл-сол әйелдердің қолымен жазалануына тағдыр рұқсат берді...Қалған бөлімін жазуға бір мүбарак әйел парқына бармай кедергі болғандықтан кейінге қалды.