“Неліктен Хазіреті Иса Ғ.С басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді, ал басқа пайғамбарлардың сүйіншілеуі аз. Олар тек хабар берген”.
Жауабы: Өйткені Ахмед Ғалейhиссалату Уәссәләм, Иса
Ғалейhиссәләмды яһудилердің опасыз түрде өтірікке шығаруынан, аяусыз
жала жабуынан және дінін әбден бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен
қатар Иса Ғалейhиссаламды танымайтын Исрайл қауымының ұстануға өте
ауыр шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл
Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын ұлы шариғат әкелді. Міне
сондықтан Иса ғаләйһиссалам қайта-қайта “Әлемнің басшысы келе жатыр!”
деп сүйіншілеген.
Тәурат, Інжіл, Забурда және кейбір пайғамбарға қатысты түскен
парақтарда зор мән беріліп, ең соңынан келетін пайғамбардан көптеген
әңгімелер мен аяттар бар. Бір неше үлгісін көрсеттік. Сондай-ақ, әлгі
кітаптарда көптеген есімдерімен аталады.
Апырым-ай, Әнбиялардың кітаптарында мұншама мән беріп, көп
қайталанған аяттардың айтып кеткен, ақырзаман Пайғамбары Хазреті
Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім болуы мүмкін?